Ел дамуы бейбітшілікке келіп тіреледі. Қоғам тыныш болса, ел де соған қарай өркендейді. Ал тыныштықтың кепілі – заң мен тәртіпке бағыну. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздік сол елге ортақ заңға бағынбаудан туындап жатады. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды». Мемлекет басшысының идеясымен қолға алынған «Заң мен тәртіп» қағидасы Баукеңнің осынау сөзімен мәндес, мағыналас деуге болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдағы тәртіп пен мәдениет мәселесіне тоқталып, «Заң және тәртіп» қағидатын берік орнықтырудың маңызын атап өтті.
– «Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын барынша қолдау қажет. Сонда ғана елімізде құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптасады, қоғамға жат кез келген әрекетке төзбеушілік пайда болады», – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы елдің тұрақтылығы мен бірлігін сақтаудың тарихи маңызын да жеткізді.
– «Қазіргі бұлыңғыр заманда ең басты міндет – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын нығайту. Ол үшін бірлігіміз бекем болуы керек. Халқымыз тату болса, ішкі ахуал тұрақты болса, біз барлық қиындықты жеңеміз. Кез келген кедергіден өтеміз. Сондықтан жұртымызды ел тыныштығын бағалай білуге, сақтай білуге шақырамын», – деді Президент.
Осы орайда, Кентау қаласының билік өкілдері бас қосып, қауіпсіздік шараларының алдын алу аясында түрлі шаралар жасауда. Мысалы, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков қаланы аралап, қоғамдық көлікибағыттарының жұмысы мен тасымалдау қызметінің жай-күйіне бақылау жүргізуді жұмыс күнінің күн тәртібіне айналдырған деуге әбден болады.
Ал, «Заң және тәртіп» қағидасы аясында Кентау қаласы әкімі Жандос Тасовтың тапсырмалары мен нұсқаулары аясында, Кентау қалалық полиция бөлімі және Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімі қауіпсіздік шараларының алдын алуда әкімдікпен бірлесе жұмыстар атқаруда. Жуырда, бірлескен топ алкоголь өнімдерін сататын кәсіпкерлік нысандарының иелері мен жалға алушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі өткен шара барысында заң талаптарын сақтау, жауапкершілік және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау, улы газдан уланудың алдын алу, үйдегі қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмауы жөнінде кең көлемді түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Жиынға Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы Ш. Әділханұлы қатысып, өз сөзінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында бірлескен шаралардың маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, ПБ бастығының орынбасары М. М. Қадырқұлов және Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бас инженері Б. Анапия баяндама жасап, тұрғындар мен кәсіпкерлерге қауіпсіздік талаптарын нақты түсіндірді.
Шараның басты мақсаты — қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу жұмыстарын күшейту.
Естеріңізге саламыз: тұрмыстық өрттер және көрінбейтін жау – улы газбен улану жағдайлары адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ мүлікке ең үлкен қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың бірі болып табылады. Көп жағдайда мұндай қайғылы оқиғалар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан немесе немқұрайлылықтан туындайды. Әрбір азаматтың міндеті – үйіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қарапайым әрі тиімді алдын алу шараларын ұстану.
Айта кетерлігі тұрмыстық өрттердің басым көпшілігі электр жабдықтары мен жылыту құралдарын дұрыс пайдаланбаудан немесе ақаулардан туындайды.
Электр желісін шамадан тыс жүктемеу: Бір розеткаға көп қуат тұтынатын бірнеше электр құралын қосуға жол бермеңіз. Бұл қысқа тұйықталуға, сымдардың қызып, өртенуіне әкелуі мүмкін. Сымдары зақымдалған, оқшаулауы бұзылған немесе ұшқындайтын электр құралдарын, ажыратқыштарды және розеткаларды дереу жөндеңіз немесе ауыстырыңыз.
Балалардың қараусыз қалуы — ата-аналарың немесе олардың орынындағы адамдардың, тәрбиешілердің тарапынан балаларға қажетті бақылаудың жоқтығынан, немкұрайлылығынан орын алатын қоғамдық құбылыс. Бала қоршаған ортаны зерттеп өседі. Әр нәрсені қызығып қарап, қолына алып, тістеп, ауызына салып көруі мүмкін. Кей жағдайда өз денесінде орналасқан табиғи тесіктерге салып жіберуі мүмкін. Оның өмірге қауіпті екенін біреу білсе, біреу білмейді. Сақтық шараларын сақтанбаудың соңы қайғылы жағдайға әкеліп жатады.
Дегенмен, балалардың тағдырына бірінші кезекте ата-ана жауапты екенін есте ұстап, өз ісіне жауап бере алмайтын балаларды қараусыз қалдырмауға тырысқан жөн.
Есіңізде болсын, қайғылы жағдайлардың алдын алу оңай! Балалар әрдайым ойын-сауықтың қауіптілік деңгейін дұрыс бағалай алмайды.
Әрбір ересек адамның міндеті мен жауапкершілігі — баланы сақ болуға, денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеуге, өзіне қауіпті жағдайларға жол бермеуге үйрету.
Балаларды қысқа уақытқа қалдыра отырып- Сіз олардың өміріне қауіп төндіресіз. Әр түрлі себептерге байланысты, оның ішінде олардың кәмелетке толмаған балалар, ересектердің көмегінсіз қалған балалар, кейде олардың денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін, оларды өз бетінше жеңе алмайтын жағдайларға әкеп соқтырады.
Соңғы уақыттарда балалардың терезеден құлап кетуі, суға батып кетуі, газға улануы, өртке шалынуы, түрлі техникалық жабдықтардан туындайтын қатерлерге шалдығу жағдайы көптеп орын алуда. Кентау қалалық әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті осындай жағдайлардың орын алмауы мақсатында ата-аналардан, жас бүлдіршіндерді айтып келмейтін аппаттан аман алып қалудың жолын қарауды сұрайды.

