«Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, бастамаларын, мақалалары мен сұхбаттарын Созақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері пысықтап, жиі талқылау мақсатында бас қосуды үрдіске айналдырған. Осының айғағы, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Орманов Ербол Керімбекұлының қатысуымен Созақ ауданында мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіруге бағытталған жиын өтті. Бұл басқосу тек ведомстволық шара ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың моральдық-этикалық қағидаттарын қайта қарауға және азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін теориялық және практикалық тұрғыдан нығайтуға бағытталған кешенді саяси ахуалдың өзектілігі мен пәрменділігін талқыға салу.
Шынтуайтқа келгенде, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын және этикалық мінез-құлық ережелерін сақтауы – құқықтық мемлекеттің саулығының және Әділетті Қазақстанды құру идеясының тікелей көрсеткіші. Әдеп жөніндегі уәкіл институты – сыбайлас жемқорлықтың тек құқықтық емес, сонымен бірге моральдық-этикалық тамырларын жоюға бағытталған ішкі бақылаудың стратегиялық тетігі екендігі сөзсіз.
Жиынға қатысқан аудан әкімдігі қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, коммуналдық мекеме жетекшілері және мемлекеттік қызметшілердің толық құрамда қатысуы – мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлеріндегі адам ресурстарының бірыңғай этикалық стандарттарды қабылдауға және жүзеге асыруға деген ортақ міндеттемесін білдіреді. Іс-шараны аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Абдуахат Бакиров жүргізіп, аудандық әкімшіліктің этикалық стандарттарды басшылық деңгейде қолдауға және қызметшілердің мінез-құлқын ішкі бақылауға деген нақты жауапкершілікпен қарау қажеттігін басымдыққа алды.
Кездесу барысында Әдеп кодексінің негізгі талаптары мен нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстармен қоса лудомонияның зардабы, қызметтік тәртіп пен жауапкершілікті арттыру шаралары талқыланды.
Жалпы алғанда, тәртіптік шаралардың қаралуы – Әдеп кодексінің тек декларативті құжаты емес, құқықтық және міндетті нормалар жүйесі екенін және оны бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын нақты дәлелдейді.
Жиын соңында Ербол Керімбекұлының аудандағы бірқатар мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдап, көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті ұсыныстар айтып, назарға алып, талқылау өткізуі – әдеп уәкілінің қарым-қатынас және консультативтік қызметінің ерекше маңыздылығымен қатар, жеке қабылдау форматы – қызметшілердің әдептік және құқықтық міселелерін ашық талқылауға, оңтайлы шешімдерді табуға және ішкі шиеленістерді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл – мемлекеттік аппараттың ішкі мәдениетін тазартудың және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін күшейтудің тиімді механизмі.
Сөз соңын сараптай келе, Созақ ауданындағы бұл іс-шара – жергілікті биліктің Мемлекет басшысының саяси бағытын – әдепті, ашық және сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекеттік аппаратты құру идеясын – табандылықпен іске асыруға деген қатаң міндеттемесінің нақты дәлелі деп қабылдауға болады. Созақ ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында өткен мемлекеттік және азаматтық қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіруге бағытталған жиын – бұл Мемлекет басшысының саяси тұтастықты және ашық, әділ мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған реформаларының жергілікті деңгейдегі сөзсіз орындалуының көрінісі. Жемқорлыққа қарсы күрес – тек құқықтық шара ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік билікке деген халықтың сенімін қайта орнатудың этикалық-философиялық шарты.
Сонымен қатар, Созақ ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және Әдеп кодексі бойынша өткен жиын – аудандық биліктің саяси тұтастықты және мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға деген саяси еріктілігін көрсетеді. Кәсібилік, әдептілік және жемқорлыққа қарсы төзімсіздік – мемлекеттік аппараттың негізгі құндылықтары болып табылады. Бұл бастама Созақ ауданында халық сеніміне ие болатын және халық мүддесіне қызмет ететін тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға негіз қалайды.

