Бәйдібек ауданындағы «Балабөген» демалыс аймағында облыстық “TAU FEST – 2025” тау фестивалінің ұйымдастырылуы – бұл тек жастарға арналған мерекелік іс-шара ғана емес, сонымен бірге ауданның табиғи-рекреациялық ресурстарын экономикалық айналымға енгізуге және өңірлік туризмді дамытуға деген саналы стратегиялық қадам. Тау фестивалі – Бәйдібек ауданының туристік-инвестициялық имиджін нығайтудың жарқын көрінісі болары анық.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің табиғатты қорғаудың және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтуі – өңірлік дамудың экологиялық тұрақтылық қағидаттарына негізделетінін білдірді. Экотуризм – «Балабөген» сияқты аймақтардың экономикалық потенциалын ашатын, бірақ табиғи тепе-теңдікті сақтауды талап ететін ұзақ мерзімді инвестиция. Фестиваль – жастардың экологиялық санасын арттырудың тиімді платформасы.
Фестивальге өңір жастары, спортшылар, шығармашылық өкілдері және белсенді азаматтардың қатысып, мемлекеттік жастар саясатының жан-жақты дамытуға бағытталған кешенді сипатын көрсетті. “TAU FEST” – жастардың энергиясын, әлеуметтік белсенділігін және дене шынықтыруға деген құштарлығын бір арнаға тоғыстыратын маңызды алаңға айналды. Әлбетте, шараның дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты арттыруға бағытталуы – ұлттың физикалық саулығын нығайтуға және жастар арасындағы жағымсыз әдеттердің алдын алуға бағытталған әлеуметтік инвестиция десекте болады.
Фестивальдің маңызды ерекшелігі – Қазақстан Журналистер одағының мүшелері Қайрат Кәрібаев, Төребек Байтасов және жас журналист Бауыржан Ерман сияқты арнайы шақырылған қонақтардың жастармен еркін форматта кездесуі – аудандық деңгейдегі интеллектуалды капиталдың айналымын және тәжірибе алмасудың сапасын арттырумен қатар, командамен жұмыс істеуге мүмкіндік беру – заманауи еңбек нарығында қажетті әлеуметтік және ұйымдастырушылық дағдыларды қалыптастырудың практикалық мектебін құрды.
Қонақтардың өмірлік тәжірибелерімен, жетістіктерімен бөлісуі – жастар үшін мотивацияның, кәсіби бағдардың және өз мақсаттарына жетудің нақты үлгісін көрсететті. Қоғамдағы жастар арасындағы өзекті мәселелерге тоқталып, еңбекқорлық, ынта-жігер және білімге құштарлықтың маңызын түсіндіру – әлеуметтік сананы жаңғыртуға және жауапкершілікті арттыруға бағытталған ағартушылық миссия.
Өңірді дамытуға қосқан үлес – “TAU FEST” облыстық фестивалінің әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, өңір жастарына жаңа серпін беретін маңызды алаңға айналуы – Бәйдібек ауданының өңірлік экономикаға тікелей және жанама пайдасы бар. Алдағы уақытта фестивальді тұрақты өткізу – «Балабөген» демалыс аймағына және оның айналасындағы қонақ үйлерге, тамақтану орындарына, көлік қызметтеріне сұранысты арттырып қана қоймай, шағын және орта бизнестің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына тікелей әсер ететіні сөзсіз.
Сонымен, облыстық деңгейдегі іс-шараларды өткізу – Бәйдібек ауданының туристік және инвестициялық тартымдылығын арттырады. Аудан мәдениет пен спорттың даму орталығы ретінде позицияланады, бұл сыртқы капиталдың тартылуына жағдай жасайды. Салауатты өмір салтын насихаттау және білімге құштарлықты арттыру арқылы ауданның адами капиталының сапасы артады. Жоғары білікті, дені сау және белсенді жастар – кез келген өңірдің тұрақты экономикалық өсуінің кепілі болатыны айқын. “TAU FEST – 2025” тау фестивалі – Бәйдібек ауданының өңірлік дамуды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік перспективалардан бір уақытта қарастыратынын дәлелдейтін стратегиялық бастама. Фестиваль – табиғатты қорғауды, жастардың белсенділігін және экономикалық потенциалды бір арнаға тоғыстыра отырып, Бәйдібек ауданын Түркістан облысының туристік-мәдени орталығының бірі ретінде қалыптастыруға зор үлес қосады. Бұл – бос уақытты тиімді ұйымдастырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі бар заманауи тәсілі.

