Елімізде 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Бүгінде аталған жоба елімізде сәтті жүзеге асырылып, халықтың ауылда еңбек етуіне, жұмыссыздар санының азаюына, сонымен қатар тұрғындардың табысының артуына оң әсерін тигізуде.
«Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба ел тұрғындарын агробизнеске тарту және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдауды көздейді.
Бұл жоба президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде іске қосылған. 2022 жылы «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен насихаттау жұмыстары белсенді жүргізілді. «Amanat» партиясы жанынан құрылған мобильді топтар еліміздің әр өңірін аралап, шалғай ауылдардың тұрғындарына дейін жобаның негізгі шарттары мен мүмкіндіктерін түсіндірді. Жалпы айтқанда, 250 мыңнан астам адам бағдарламаның шарттары туралы толық ақпарат алған болатын.
Жоба ауыл тұрғындарына өз кәсібін ашуға немесе қолданыстағы бизнесті кеңейтуге көмектесуге арналған, бұл ауылды жерлердегі экономикалық белсенділікті арттырып, ауылдық аймақтардың дамуына елеулі үлес қосады. Шұбар елді мекенінің тұрғыны Пірәлі Беріктің табысты тәжірибесі – мемлекеттік қолдаудың арқасында қарапайым еңбекпен тұрақты әрі жоғары кіріс табуға болатынын дәлелдейді.
Түркістан облысының Ордабасы ауданы Шұбар елді мекенінің тұрғыны Пірәлі Берік есімді кәсіпкер ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуге бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, кәсіп ашуға бел буған. Ол малшаруашылығымен айналысуға шешім қабылдап, бұл мақсатта 18 жылқы сатып алған.
Бүгінде Пірәлі Берік жылқы малын бордақылап, олардың етін қала, аудан базарларына өткізіп, табыс табуда. Ол көктемде мал басын қайта толықтырып, шаруашылығын кеңейтуді жоспарлауда. Осы мақсатта кәсіпкер жылқыға арналған қора-жай салып, мал ұстауға қажетті барлық жағдайды жасаған. Бұл қора 18 жылқыға лайықталып жабдықталған, әрі болашақта мал басын көбейтуге мүмкіндік береді.
Малшаруашылығының шығындарын азайту мақсатында 18 тонна шөп пен арпа қорын дайындаған. Пірәлі Берік 7 200 000 теңге несие алып, қора-жайды жөндеуге 1,3 млн теңге жұмсады. Ай сайын табыс әкелуге жұмысжасап отырған шаруашылық, жылқы бордақылаудың орташа айналымы 90–120 күн аралығында болып, әр малдан 70–90 мың теңге пайда түсіріп бұл жобаның отбасы үшін тұрақты кіріс көзіне айналғанына шексіз риза екендігін айтуда. Бұл нәтиже Президенттің ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру жөніндегі тапсырмасын орындауға тікелей үлес қосады. Әрине, қандай істі бастасаң да пейнет ету керектігін шаруа қожасы еңсергеннің нәтижесінде, алдағы уақыттың еншісінде бірәз жоспарларын да тізіп қойған. Оның мал басын 50 басқа дейін көбейту және қосымша бірнеше адамды жұмыспен қамтуды көздеуі – мемлекеттің жұмыспен қамтуды арттыру бағдарламасын жеке сектор арқылы іске асырудың нақты механизмі болып табылумен қатар, тірліктің көзін таба білгені аудан экономикасын ілгерлетуге жіне әлеуметтің әлеуетін жақсартуға өзіндік үлесін қосары сөзсіз.
Мұндай шаруашылықтардың дамуы – ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіби білімі бар кадрларға деген сұранысты арттырады. Демек, Ордабасы ауданында ветеринар, мал дәрігері, мал бордақылау технологиясы бойынша кадрларды даярлаудың жаңа моделін енгізу қажеттігін тудырады. Бұл «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясындағы маңызды міндет.
Ордабасы ауданындағы Шұбар елді мекенінің тұрғыны Пірәлі Беріктің табысты шаруашылығы – «Ауыл аманаты» бағдарламасының тұрғындардың кірісін арттырудағы, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудегі және «Еңбек адамы» құндылығын насихаттаудағы тиімділігін көрсетеді. Аудан әкімдігінің бұл тәжірибені көпшілікке таратуы – еңбексүйгіштікке баулу және мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстың үлгісі.

