Кентау қаласына қарасты Құсшы ата елді-мекеніндегі «Мұхаммед-әли» шаруақожалығының табысты жұмысы – Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту, импортты алмастыру және ауылдық жерлерде шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басымдықтарының нақты көрінісі. Бұл шаруашылық өңірлердің әртүрлі салалардағы қызметін нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуда.
«Мұхаммед-әли» шаруақожалығының құлпынай және таңқурай өсірумен айналысып, әсіресе жыл бойына құлпынай өнімін алуы – ауыл шаруашылығындағы технологияларды тиімді қолданудың дәлелі. Өнімнің сұрыптарына тоқталар болсақ, азия, клери, лохти — ашық далада өсетін және мурана, анабиал, альбион — жылыжайда, жыл бойына өнім беретін сияқты 6 сұрыпты егу – өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуде дейді дихандар. Көпсалалы, яғни жыл бойына өнім беретін сұрыптарды жылыжайда өсіру – инженерлік инфрақұрылымды тиімді пайдаланудың үлгісі десек артық айтқандық емес.
21 соттық жерден жылына жобамен 1 тоннадан аса өнім алу және өнім көлемін ұлғайтуды көздеу – Кентау қаласын жергілікті, сапалы жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге үлес қосады. Қаладағы сұраныстың көптігінен құлпынайды жеткізе алмау сәттерінің болуы – өнімнің нарықтық қажеттілігін көрсетеді.
Шаруақожалықтың отбасылық сипатта жұмыс істеуі және өнім көбейген сәтте жалдамалы жұмысшыларды тартуды жоспарлауы – ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді. Бұл шаруашылық халықтың кірісін арттыруға және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға тікелей ықпал етеді. Жалдамалы жұмысшыларды тарту қажеттілігі өндірістің кеңейіп жатқанын білдіреді. Қажетті көшеттерді Алматы қаласынан алдырып, өзінің егіншілігінде көбейтіп отыруы – шаруашылықтың шикізат базасының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі тиімді әрекеті.
Құсшы ата елді-мекенінің Кентау қаласына жақын орналасуы және өнімдерін алдымен қалаға жөнелтуі – ауыл мен қала арасындағы экономикалық байланысты нығайтудың үлгісі. Қорытындылай келе, Кентау қаласына қарасты Құсшы ата елді-мекеніндегі «Мұхаммед-әли» шаруақожалығы – жеміс-жидек өсіруді әртараптандыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту және халықты жұмыспен қамту арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық қызметін нығайтуда. Шаруашылықтың өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлауы – мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану арқылы агробизнестің даму әлеуетін көрсетеді.

