Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанын және оған жалпыұлттық референдумда белгіленген саяси жаңғыру бағдарындағы азаматтардың көпшілігінің қолдауы ықпал еткенін атап қткені естеріңізде болар.
– Конститутциялық реформа жаңа әділетті Қазақстанды құрудағы негізгі қадам болды, — деп атап өтті Президент. – Саяси жаңғыртудың жалғасы құрылымдық экономикалық қайта құрулар, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататын «азамат – бизнес — мемлекет» арасындағы қатынасты қайта құру болады. Сондай-ақ, қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолдау көрсетуге кепілдік беріледі.
Қазақстан Басшысы шағын және орта бизнесті дамыту аспектілеріне ерекше назар аударып, мемлекет экономикалық еркіндікті толық қолдайтынын, бірақ сонымен бірге нарықтың тұрақсыздығы ықпалынан азаматтарды табанды түрде қорғайтынын атап өтті.
– Еліміздің басты құндылығы – адам, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондықтан ұлттық байлықты әділ бөлу және әрбір азаматқа тең мүмкіндік беру – реформалардың басты мақсаты.
Осы ретте, Кентау қаласындағы «Оңтүстік» аумағындағы 55,5238 га жерге жүргізіліп жатқан инженерлік-инфрақұрылымдық құрылыс – Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты (ТКШ) жаңғырту жөніндегі талаптарының жүйелі түрде орындалып жатқанын көрсетеді. Бұл кешенді жұмыстар – жаңа тұрғын үй алаптарын тұрақты және сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған.
Мұндағы атқарылып жатқан кешенді жұмыстар, «Оңтүстік» аумақты дамытудағы жұмыстардың кезең-кезеңімен іске асуы – жоспарлы өңірлік дамудың тиімділігін көрсетеді. Ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылысының өз деңгейінде атқарылуы – ТКШ-ның негізгі мәселесі – сумен жабдықтаудың алдын ала шешілгенін білдіреді. Бұл – қаланың санитарлық-экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жасалған маңызды қадамы іспеттес.
Электр жүйелерін орнату мақсатында өткен жылға электр жүйелерін орнатуға қаржы қаралып, конкурсқа өтінімнің жолдануы және оның оңтайлы шешілуінің нәтижесінде – энергетикалық инфрақұрылымның дамуына басымдық берілгенін көріп отырмыз. Дәлірек айтсақ, 4,375 км электр желілерінің жүргізілуі – 15 дана 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлердің электр энергиясымен үздіксіз қамтылуының кепілі болып отырған жайы бар.
«Оңтүстік» аумағын игеру – Кентау қаласының өңірлерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлы және тиімді жүзеге асырудағы жауапкершілігін көрсетеді. Бұл жұмыстардың жалғасуы және қаржының бөлінуі – қала әкімдігінің инфрақұрылымдық жобаларды бақылауда ұстау және олардың мерзімінде аяқталуын қадағалау жөніндегі қатаң талаптарының орындалуын білдіреді. Қорытындылай келе, Кентау қаласындағы «Оңтүстік» аумағындағы инженерлік-инфрақұрылымдық құрылыстың жалғасуы – өңірлерді дамытудың кешенді әрі жүйелі стратегиясының нәтижесі. Бұл жұмыстар қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тұрақтылығын арттырып, мыңдаған тұрғынды сапалы коммуналдық қызметпен және баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған.

