Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың құрылыс нысандарын аралауы – Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіру және «Ауыл – ел бесігі» сияқты әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі талаптарының қатаң бақылауда екенін көрсетеді. Бұл іс-шаралар Кентаудың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Өңірлерді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Кентау қаласында ілкімді жұмыстар кезең-кезеңімен орындалуда. Дәлірек айтқанда, қолжетімді баспана – халықтың өмір сапасын арттырудың, демографиялық өсуді ынталандырудың және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің фундаменталдық негізі болып табыладындықтан, қалада тұрғындар игілігі үшін бес қабатты үйлер салына бастаған болатын. Міне, сол баспаналардың құрылысымен танысу мақсатында қала әкімі 60 пәтерлі 5 қабатты және 30 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Жаңа пәтерлер – Үкіметтің тұрғын үй мәселесін жедел шешу жөніндегі басымдығын көрсететіні сөзсіз.
Жандос Тасов өз кезегінде мердігер мекемеге жұмыстың сапасы мен мерзімін қатаң сақтауды және жауапты сала басшыларына нысандарды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. Құрылыстың сапасын бақылау – аса жауапкершілікті талап ететіні бесенеден белгілі. Мұнан бөлек, бұл үйлердің салынып, қолданысқа бергенде баспанаға мұқтаж азаматтардың қуанышын арттырып, «Халықтың кірісін арттыру бағдарламасы» аясындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге жоғары үлес қосары сөзсіз.
Сонымен қатар, қала әкімі «Оңтүстік» аумағындағы 55,5 гектар жердегі инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарының реттелуі бойынша нақты тапсырмаларды шегелеп, ондағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен де танысты. Жаңа тұрғын үй алаптарын игеру үшін газ, су, электр, жылу сияқты инженерлік инфрақұрылымды алдын ала және сапалы жүргізу – жоспарлы дамудың негізі.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жолға қойылғаннан бері еліміздің әр аймағындағы ауылдардың тамырына қан жүгіріп, жаңаша күйге бөленіп жатқандығы қуантады. Аталған бағдарлама аясында мыңдаған үйлер салынып, жолдар жөнделді, көшелер жаңартылып, тұрғын үйлер тұрғызылды. Бұл жоба аясындағы жұмыстар жыл сайын емес, күн сайын жүзеге асып жатыр. Өйткені, жобаның басты мақсаты – ауыл өмірінің сапасын жақсарту, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Анығын айтқанда, халқымыздың 40 пайызы ауылда тұрады. Дәл осы себептен де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды өркендету ісіне айрықша мән деруде. Еске салсақ, Тоқаевтың Президент сайлауынан кейінгі алғашқы жарлығы ауылды дамытуға арналды.
– «Менің тапсырмаммен Үкімет бес жылды қамтитын тұжырымдама қабылдады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде нақты нәтиже бар. Биыл 200-ге жуық ауылға су құбырын тарту үшін қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін ауыл халқының 95 пайыздан астамы таза сумен қамтамасыз етіледі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарнақ ауылында салынып жатқан 300 адамға арналған мәдениет үйінің құрылысын бақылау – Үкіметтің ауылдық аумақтарды дамыту және мәдени-әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі басымдығын көрсетеді. Мәдениет үйінің толық аяқталуы – ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, мәдениет пен өнерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл – өңірлердің әртүрлі салалардағы қызметін дамытудағы маңызды қадам. Қорытындылай келе, Кентау қаласының әкімінің құрылыс нысандарын аралауы – өңірлерді дамытудың үш негізгі бағыты: тұрғын үй құрылысы, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру және ауылдық әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарының қатаң бақылауда екенін көрсетеді. Бұл шаралар Кентаудың даму қарқынын арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын кешенді түрде жақсартуға бағытталған.

