Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» және «Еңбек адамы» бейнесін насихаттау саясаты Кентау қаласындағы қарапайым еңбеккерлердің өмірі арқылы нақты мағынаға ие болады. Кентау қалалық ауруханада 30 жылдан аса уақыт адал қызмет етіп келе жатқан шаруабике Патима Сатилғанованың өмір жолы – мемлекеттің еңбексүйгіштікке баулу және әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі саясатының тікелей көрінісі іспеттес.
Патима Асқарқызының еңбек жолы 1984 жылы кір жуушы қызметінен басталып, 2011 жылдан бері хирургия бөлімшесінде шаруабике қызметіне ауысып, ол жерде де мінсіз қызметін атқарып, адал еңбекке деген сүйіспеншіліктің және жауапкершіліктің үлгісін таныта білді.
Оның жұмысының құндылығы, ұжым мен емделушілер арасындағы беделі және алғыс арқалауы – Президенттің «Еңбек адамы» бейнесінің қоғамдағы маңыздылығын арттыру туралы талабын іс жүзінде дәлелдей білгендігінде. «Әр адам өз еңбегін бағаласа, сол еңбек арқылы абыройы да өседі» деген сөзі – еңбексүйгіштік идеологиясын насихаттаудың өзегі десек артық айтқандығымыз емес.
Патима Сатилғанова сияқты ұзақ жылдар еңбек еткен азаматтардың тұрақты қызмет етуі – мемлекеттің еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік қамсыздандыруда да зейнетақы, медициналық сақтандыру жөніндегі жұмыстарының маңыздылығын жоймайтынын көрсетеді.
Қай кезде де көпбалалы ана – әлеуметтік қолдаудың нысаны екені белгілі. Біздің кейіпкеріміз, Патима Асқарқызы да алты баланы дүниеге әкелген көпбалалы ана және он немере сүйіп отырған әже. Бұл Үкіметтің отбасы институтын қолдау және демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарымен байланыстыратын тақырыппен бірге мақтаныш деп дөп басып айтуға болады. Ашығын айтсақ, көпбалалы аналарға арналған жәрдемақылар, тұрғын үй және әлеуметтік көмек тетіктері туралы ақпараттық қолдау жұмысы осы үлгілі отбасы арқылы жүргізілуі мүмкін. Әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін нақты мысалмен көрсету – халықтың мемлекеттік саясатқа деген сенімін арттырады.
Еңбек өтілінде өз жұмысын қадірлейтін, сонысымен ұжымдастары құрметтейтін көпбалалы ана, қолы қалт еткенде қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, азаматтардың мемлекеттік саясатты іске асырудағы белсенділігінің маңыздылығын көрсетумен үлгі болып жүрген жан. Патима Сатилғанованың еңбек жолы Кентаудағы кадрларды даярлаудың жаңа моделі аясында жастарға берілетін кәсіби білімнің адамгершілік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарымен ұштасуы керектігін дәлелдейді.
Жұмысшы жылында еселі еңбегі еленіп, елі қадір тұтқан Патима Сатилғанованың Кентау қалалық ауруханасындағы адал еңбегі – Үкіметтің еңбек саласындағы саясатын және «2029 жылға дейінгі халықтың кірісін арттыру бағдарламасының» мақсаттарын іске асырудағы жеке тұлғаның маңыздылығын көрсетеді. Оның еңбегі – «Жұмысшы мамандықтар жылының» басты идеологиясы – еңбектің қоғамдағы сый-құрмет пен абырой көзі екенін әспеттейтіні сөзсіз.

