Кез келген өңірдің өркендеуі, оның болашағы – ең алдымен, сол өңірді басқаратын азаматтардың іскерлігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Бүгінде Ордабасы ауданы дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда. Бұл жетістіктер аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлының басшылығымен және оның командасы, соның ішінде Ильяс Еркінұлы Турнияз сияқты білікті мамандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Жауапты басшылық және тиімді ұйымдастыруда аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы мен Ильяс Еркінұлының бірлескен жұмысы нақты стратегиялық жоспарға негізделген. Олардың көшбасшылық қасиеттері мен ұйымдастырушылық дағдылары ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беруде. Қабылданып жатқан шешімдер халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, оң нәтижесін беруде. Осылайша, ауданда кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік нысандарды жаңарту және инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Рухани жаңғыру мен идеологиялық жұмыстары барысында да басты басымдық ауданның материалдық дамуымен қатар, Ильяс Еркінұлы Турнияз бастамашы болған рухани-идеологиялық бағыттағы жұмыстар ерекше маңызға ие. Оның тікелей қатысуымен ұйымдастырылған іс-шаралар аудан тұрғындарының патриоттық рухын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Жастарға бағытталған жобалар, мәдени шаралар және қоғамдық келісімді нығайту жөніндегі жұмыстар Ордабасының тұтастығы мен келешегіне зор үлес қосуда.
Азат Әбдіғалиұлы мен Ильяс Еркінұлының еңбектері — тек кәсіби міндетті атқару ғана емес, сонымен қатар, туған жерге деген шынайы сүйіспеншілік пен қызмет етудің үлгісі. Олардың бірлескен жұмысының арқасында Ордабасы ауданы жаңа мүмкіндіктерге толы, жарқын болашаққа сеніммен қадам басуда.
Ия, бүгін Ордабасы аудан әкімінің идеология бойынша орынбасары Тұрнияз Илияс Еркінұлымен сұхбаттасып, көңіоге түйгеніммен бөлісіп отырғаным.

