Шымкент қаласының аумағында ағымдағы жылдың 15-17 шілдесі аралығында “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Бұл бастама отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларды анықтауға және қайталама қылмыстардың жолын кесуге бағытталған. Іс-шара қоғамдағы отбасылық тыныштықты нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың рөлін нығайтады. Басты мақсат, отбасы ішіндегі жанжалдарды уақытында анықтап, олардың зорлық-зомбылыққа ұласуына жол бермеу. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларды анықтау және оларды есепке алу: Бұрын заң бұзған немесе отбасында жанжал шығаруға бейім адамдарды анықтап, полиция есебіне алу арқылы оларды бақылауда ұстау. Осындай профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізудің нәтижесінде, бұрынғы құқық бұзушылардың қайтадан қайталанып, заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуін болдырмаудың маңыздылығы орасан. Ішімдікке салынған, жұмыссыз, кәмелетке толмаған балалары бар және басқа да қиын жағдайдағы отбасыларға ерекше назар аударылады. Оларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету жолдары да қарастырылуда. Бұрын сотты болғандар, сондай-ақ қазіргі уақытта қорғаныс нұсқамасы берілген тұлғалардың мінез-құлқы мен жағдайы тексеріледі.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, отбасылық зорлық-зомбылық фактілерін анықтайды. Тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдардың жағдайы бақыланады. Қоғамдық орындарда және ауылдық жерлерде халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға басымдық беріледі.
Бұл жұмыстарда құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтер бірлесе жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда, жәбірленушілерге қорғау нұсқамасы беріліп, арнайы әлеуметтік көмек тағайындалады. Бұл – зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға бағытталған маңызды шаралар. Себебі, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық – бұл жеке мәселе емес, бүкіл қоғамның проблемасы. Әсіресе, әйелдер мен балаларды қорғау, олардың қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау – бұл бастаманың басты басымдығы. Сондықтан, онымен күресу және алдын алу әрбір азаматтың міндеті.