Ауданның экономикалық өсімі мен әлеуметтік дамуында инвестициялық жобалардың алатын орны ерекше. Жыл сайын аудан аумағындағы жоспарланған инвестициялық жобалардың орындалуы мұқият қадағаланып, келешекке арналған жаңа бастамалар жоспарланады.
Бұл үрдіс ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпал етеді. Мысалы, 2024 жылы 11 жоба іске қосылып, 15,5 млрд теңгені құраған болатын. Нәтижесінде 235 жұмыс орны ашылған еді. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның жоспары 135,0 млрд теңге көлемінде бекітілген болатын, ал негізгі капиталға инвестицияның (НКИ) жоспары 114,1 пайызды құрады. Бұл көрсеткіштер аудан экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын және инвестициялық жоспарлардың орындалу барысының оң екенін көрсетеді. Жалпы, 2024 жылға аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 71,7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен (2023 ж. – 53,7 млрд. тг.) салыстырғанда +33,4 пайыз өсімді көрсетті. Бұл – ауданға деген инвесторлардың сенімі артқанын және экономикалық белсенділіктің жоғары екенін білдіреді. Тартылған инвестицияның басым бөлігі, атап айтқанда 77,6 пайызы немесе 55,6 млрд теңгесі, аудан кәсіпкерлері есебінен, яғни бюджеттен тыс қаражат есебінен тартылған. Бұл мемлекеттік қолдаумен қатар жеке сектордың да экономикалық дамуға белсенді қатысып отырғанын көрсетеді. Өткен жылдың еншісіндегі жалпы құны 15,5 млрд. теңгеге бағаланған 11 ірі инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде 235 жаңа жұмыс орны ашылған жобалардың ішінде 6 жоба өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асырылды. Бұл ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етті. Ал, 5 жоба сауда және қызмет көрсету салаларында іске асты. Бұл халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін берді.
Биылғы 2025 жылға арналған жоспарлар бағытында, жаңа биіктерге ұмтылыс байқалуда. Өйткені, 2025 жылға арналған инвестициялық жоспарлар одан да ауқымды. Бекітілген жоспар бойынша негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 170,0 млрд теңгені құрайды, ал НКИ жоспары 237,7 пайызға жетпек. Бұл 2024 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда инвестиция көлемін 98,3 млрд теңгеге, яғни 2,4 есеге ұлғайтуды көздеп отыр. Мұндай амбициялық жоспарлар ауданның экономикалық өсімінің қарқынын арттыруға бағытталған. Ағымдағы жылы жалпы құны 51,7 млрд. теңгені құрайтын 21 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобалардың жүзеге асуы нәтижесінде 1283 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобалардың салалық бөлінісі жайында тарқатып айтар болсақ, өңдеу өнеркәсібі саласында 5 жоба, жалпы құны 15 103 млн теңге, ашылатын жұмыс орны 688 адамды қамтымақ. Бұл саланың дамуы өнім өндірісін арттырып, экспорттық әлеуетті нығайтары сөзсіз. Оның ішінде, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) саласында 7 жоба, жалпы құны 31 052 млн теңге, ашылатын жұмыс орындары бойынша 300 адам жұмысқа орналасады. АӨК-тің дамуы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп күтілуде. Білім саласында да 1 жоба, жалпы құны 1 902 млн теңге, яғни 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Білім саласына салынған инвестициялық жобаның мақсаты, болашақ кадрларды даярлауға және адами капиталды дамытуға бағытталатыны айқын. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету саласында құны 3 695 млн теңгеге 8 шағын кәсіпкерлік нысаны (ойын-сауық кешені, сауда орталықтары, монша, супермаркет) іске қосылып, 175 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарлануда. Бұл халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, тұрғындардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға ықпал етеді.
2024 жылғы іске қосылған және жоспарланған ірі инвестициялық жобалардың аудан экономикасының картасындағы маңызды орын алатын бірқатар инвестициялық жобаларына сараптама жасар болсақ, ЖК Абдирашитов А. («ОТАУ FOOD» сауда маркасы) тарапынан қатпарлы қамыр өңдеу цехы, ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылды. Жалпы құны 4 342,8 млн теңгені құраған өндіріс ошағында 40 адам жұмысқа орналасты. Бүгінде бұл цех жергілікті тұрғындарды сапалы нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз етуле.
«KAZ ECO MEAT» ЖШС-гі тарапынан 5000 ІҚМ басына арналған мал бордақылау кешені, мал сою алаңы, етті және қанды өңдейтін кәсіпорын да ағымдағы жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба құны 8500,0 млн теңгені құраса, ашылатын жұмыс орны 75 адамға жеткізілмек. Бұл жоба мал шаруашылығының дамуына, ет өнімдерінің өндірісін арттыруға және экспорттық әлеуетті нығайтуға үлес қосады деген тың жоспарлар бар.
TOKESH TECH TURKESTAN «ЗАВОД АВТОТЕХНОЛОГИИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігігі — арнайы жасақталған көліктер құрастыру зауытының құрылысы бағытын дамытпақ. Бұл зауытта осы жылы аяқтауды жоспарлауда. Жоба құны 4 000,0 млн теңге, яғни 35 адам өзіне жұмыс көзін табады деген ойдамыз. Бұл зауыт өңірдегі машина жасау саласының дамуына серпін береді. Жеке кәсіпкер «УБАЕВ» — ірі қара және уақ мал қалдықтарын өңдейтін цех, ағымдағы жылдың шілде айында іске қосуды жоспарлауда. Жоба құны 260,0 млн теңге, ашылатын жұмыс орны 10 адам. Бұл цех экологиялық мәселелерді шешуге және ауыл шаруашылығы қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
«U-DRINKS» ЖШС-і алкогольсіз сусындар шығаратын зауыты, ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосуды жоспарлауда. Жоба құны 4 000 млн. теңге, ашылатын жұмыс орны 103 адамнан асады. Бұл зауыт халықты сапалы алкогольсіз сусындармен қамтамасыз етіп, өндірістік әлеуетті арттырады деген баға берілуде.
«KUZOV KARABULAK» ЖШС-гі — ауыр жүк көліктерінің (сауда маркасы-KAZTRAILER) тіркемесін (кузов) шығаратын зауыт құрылысы да, ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосуды жоспарлауда. Жоба құны 2,5 млрд теңге, ашылатын жұмыс орны бұйырса 500 адамды жұмыспен қамтымақ. Бұл ірі жоба өңірдегі машина жасау және көлік өндірісін дамытуға үлкен үлес қосады деп күтілуде.
Ал, «DAK INVESTMENT GROUP» ЖШС-і мал бордақылау алаңы, мал сою кешенінің құрылысы, ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтауды жоспарлауда. Жоба құны 2 500 млн теңге, ашылатын жұмыс орны 15 адамды қамтымақ. Бұл кешен ет өндірісін ұлғайтып, мал шаруашылығының өркен жаюуына септігін тигізбек.
Сонымен қатар, «МЕAT MAGNAT» ауыл шаруашылық кооперативі 10 мың мал басына арналған заманауи мал бордақылауға арналған қораларын, ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, ІҚМ-ға толтыруды және сою алаңының құрылысын бастауды жоспарлауда. Жоба құны 6 700 млн теңге, ашылатын жұмыс орны 50 адам болмақ. Бұл жоба да ірі мал шаруашылығының дамуына және ет өндірісінің көлемін арттыруға бағытталған. Сонымен, өздеріңіз байқағандай, аудан аумағындағы инвестициялық жобалардың жоспарлы орындалуы және алдағы кезеңге арналған ауқымды жоспарлар аудан экономикасының тұрақты дамуға бағытталған стратегиясын айқын көрсетуде. Инвестициялардың артуы, жаңа өндіріс орындарының ашылуы, сондай-ақ шағын және орта бизнестің қолдауы арқылы жаңа жұмыс орындарының құрылуы – халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасын жақсартады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру ауданның экономикалық әлеуетін толық ашуға және оның өңірдегі жетекші аудандардың біріне айналуына мүмкіндік береді деген үмітіміз мол.