Ағымдағы жылдың маусым айында Түркістан облысының Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кентінде орналасқан уақытша тұрғын үйде өрт шығып, жергілікті өрт сөндірушілердің жедел және кәсіби әрекетінің арқасында өрт сәтті өшіріліп, оның одан әрі таралуына жол берілмеді. Бұл оқиға Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегінің, күнделікті даярлықтарын пысықтаудың нәтижесінде және олардың халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі атқарған маңызды рөлінің айқын дәлелі болған қызметтерін дер кезінде шапшаң, әрі жылдам көрсете білді.
Өрттің шығу себептері және қауіптілік дәрежесіне тоқталар болсақ, өрт уақытша тұрғын үйде орын алған. Мұндай нысандар, әдетте, құрылыс материалдарының ерекшеліктеріне байланысты өртке төзімділігі төмен болып келеді. Демек, оттың тез таралу қаупі жоғары. Уақытша тұрғын үйлерде, көбінесе, тұрмыстық техникалардың ақаулығы, электр сымдарының қысқа тұйықталуы немесе отты абайсыз қолдану салдарынан өрт шығу ықтималдығы жоғары болады. Нақты өрттің шығу себептері тергеу жұмыстарынан кейін белгілі болады. Алайда, мұндай жағдайларда өрттің жақын орналасқан басқа тұрғын үйлерге немесе құрылыстарға таралу қаупі әрдайым өзекті.
Өрт сөндірушілер өздерінің кәсіби шеберлігін танытқанына Атакент тұрғындары риза. Деседе, атам қазақта «Апат айтып келмейді» деген нақыл сөз тектен-текке айтылмаса керекті. Кез келген тұрғын өзінің және өзгенің қауіпсіздігін үнемі ойлап жүргені абзал. Әсіресе, балаларға өрттің тез тұтанатынын, сіріңке жағып ойнауға болмайтынын, тіпті қажет болған жағдайда тілсіз жауға байланысты түрлі деректі фильмдер мен роликтерді көрсетіп тұрудың пайдасы орасан деуге болады.
Болған оқиғаға оралсақ, Мақтаарал ауданының өрт сөндіру бөлімшесіне өрт туралы хабарлама келіп түседі. Түскен ақпарат бойынша жедел қимылдаған өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден жетіп, шұғыл әрекет ете бастады. Олардың жылдам жетіп, дұрыс тактиканы таңдауы өрттің ауқымды апатқа айналуына, яғни кең етек алуына жол берілмеді.
Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер тарапынан жедел барлау жүргізіліп, өрттің көлемі, таралу бағыты және ықтимал қауіпті жерлер анықталды. Сонымен қатар, өртті оқшаулау және жою үшін су беру желілері жедел түрде орналастырылды. Түтінге қарсы қорғау қызметінің мамандары да аса ептілікпен жұмыс істеп, түтін басқан аймақтарда адамдардың болу мүмкіндігін тексерді, егер қажет болса, құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын болды. Олардың өздеріне жүктеген басты міндеті, жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол бермеу жіне ешқандайда тұрғынның жапа шекпеуі еді. Шүкіршілік етейік, өрт сөндірушілердің дәлдігі мен біліктілігінің арқасында бұл міндет сәтті орындалды. Нәтижесінде, өрт уақытында тоқтатылып, ауқымды материалдық шығын мен адам шығынының алды алынды. Бұл оқиғада ең бастысы ешкімнің зардап шекпегені қуантады. Неге десеңіз, аяқ асты шығатын кейбір өрт оқиғаларында келеңсіздіктер мен қайғылы оқиғалардың орын алып жататыны жасырын емес.
Осы ретте өрт сөндірушілердің халық қауіпсіздігінің алдын алу үшін жүргізіп отыратын профилактикалық шаралардың маңыздылығының пайдасын әсте айта кеткен орынды. Өйткені бұл өрт оқиғасы – тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың қаншалықты маңызды екенін тағы да еске салады. Әсіресе, уақытша тұрғын үйлердегі электр сымдарының жай-күйіне, жылыту құрылғыларының дұрыс орнатылуына және отты абайсыз қолданбауға ерекше назар аударғаны жөн. Жалпы, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жедел қимылдаған әрекеттерінің арқасында Мақтаарал ауданындағы бұл өрттің зардабы минималды болды. Алайда, мұндай оқиғалар халық арасында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтудің, сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасын үнемі жаңартып отырудың қажеттілігін көрсетеді. Мақтаарал ауданының өрт сөндірушілерінің бұл сәтті операциясы олардың өз міндетіне адалдығы мен кәсіби дайындығының жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Бұл оқиға жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі олардың өз жұмыстарындағы шеберлікті шыңдау маңыздылығын айқындай түсті десек те болады.

