Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен кәсіпкерлікке берілетін қолдаудың маңызы арта түсуде. Осындай қолдаудың арқасында өз арманын жүзеге асырып, табысты кәсіпкерлік жолын бастаған азаматтардың бірі – Төленов Қалдаш. Оның «Кішігірім бөдене жұмыртқасын өндіру цехын» ашуы – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.
Түркістан облысының ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі – Бәйдібек ауданында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. 2024 жыл аудан халқы үшін жаңа экономикалық бастамаларға толы, әсіресе мемлекеттік қайтарымсыз гранттар арқылы өз ісін ашқысы келетін немесе кеңейткісі келетін жас кәсіпкерлер мен жұмыссыз азаматтарға үлкен мүмкіндіктер ұсынылды. Бұл бастамалардың басты мақсаты – жергілікті экономиканы жандандыру, жұмыссыздықты азайту және халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, еңбек сүйгіштікке баулу.
Қоғам қайраткері, ақын А.Байтұрсынұлы өзінің даналық сөзінде «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген. Осыдан қаншама жыл бұрын айтылса да, бұл сөздің әлі сәні кеткен жоқ. Тіпті қазіргі заманның адамдарына арналып айтылғандай. Себебі жаһандану деп жар салып жатқан дәуірде ешкім «екі қолды бос қойдық, алдарыңа ас қойдық» деп отыра алмайды. Әлем көз ілеспес жылдамдықпен дамуда. Сол даму көшіне біз де ілесіп, әр адам жұмыс істеп, жұмысы жоқтар кәсіп ашып, ілгері жылжуға әрекет ету керек. «Жалқаудың жыры бітпес» демекші, не айтса да кежегесі кейін тартып тұратындар «Жұмыс жоқ» деп сылтаурататыны ақиқат. Осындай жағдай орын алмас үшін қазіргі кезде мемлекет тарапынан кәсіп бастаймын деушілер үшін қайтарымсыз грант ұйымдастырылып жатыр.
Бүгінде Ұлттық жобаны іске асыруда бұған дейінгі жүзеге асырылған жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларына біршама өзгеріс енген. Оның бірі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының төрағалығымен өткен 2022 жылдың 12 қаңтары күні кеңейтілген мәжілісте берілген тапсырмаға сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға бағытталған өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін грант Түркістан облысы Сайрам ауданында да жүзеге асуда. Қайтарымсыз гранттар бағдарламасы тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар еңбек етуге құлшынысы бар азаматтарға сенімділік пен шабыт берді.
Әлеуметтік осал топтарды қолдау үшін берілетін қайтарымсыз грант арқылы бүгінде көп отбасы кәсіпашып, жағдайын жақсартып отыр.Мысалы, «Бастау бизнес» бағдарламасы кәсіп ашуға ниетті талапкерлерге арнайы білім алуға және өз бизнес-жобаларын іске асыруға мүмкіндік ұсынады. Мұндағы бизнес-жобаларды іріктеу кезеңінде әсіресе көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, мүгедектігі бар адамдарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға басымдық беріледі. Олар мемлекеттік бағдарламаның арқасында өз істерін бастауға қажетті дағдылар мен ақпарат алып, әуелі кәсіпкерліктің негіздерін үйренеді. Сосын мемлекеттік қолдауға, яғни қайтарымсыз грантқа ие болып, комиссия алдында қорғаған бизнес-жобаларын жүзеге асырады. Қандайда бір жаңа кәсіп ашылса, қоғамдағы жұмыссыздықты сәл де болса азайтуға және экономиканың дамуына септігін тигізетіні анық. Грантқа ие болып, кәсібін жүргізіп отырғандардың бірі – Қалдаш Төленов. Мемлекеттік гранттың маңыздылығын сезінген Төленов Қалдаш өз кәсібін бастау үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында бизнесті дамытуға арналған грантқа өткен жылы ие болды. Бұл грант оның көптен бергі арманы болған бөдене шаруашылығын қолға алуға үлкен мүмкіндік берді. Мемлекеттік гранттар – жаңа кәсіп ашуға ниетті, бірақ бастапқы капиталға мұқтаж азаматтар үшін таптырмас қолдау. Ол кәсіпкерлерге өз идеяларын жүзеге асыруға, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға және алғашқы қадамдарды жасауға жағдай жасайды. Қалдаш мырзаның бұл қадамы – мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған саясатының тиімділігін көрсетеді. Бұл тек қаржылық көмек қана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерге деген сенім мен олардың қоғамға тигізер пайдасына деген үмітті білдіреді. Егерде ақпарат көздеріне сүйенетін болсақ, бөдене құсының еті мен жұмыртқасының адам ағзасына пайдасы шаш етектен екен. Мысалы, Жапонияда әрбір бала күніне екі бөдене жұмыртқасын жейді. Ресей президенті Владимир Путин де оны күн сайын шикілей ішетін көрінеді. Ал, тарихқа көз жүгіртсек, Шыңғыс ханның өзі жаралы жауынгерлеріне жұдырықтай ғана бөдененің жұмыртқасын ішкізіп, аяққа тұрғызған екен. Өйткені, бөдененің еті де, жұмыртқасы да мың түрлі дертке дауа. Адамның ойлау қабілетін арттырып, ағзаны түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Ал, дәмі тіл үйіреді, әрі тойымды. Дәлірек айтсақ, кәдімгі тауық жұмыртқасына қарағанда, бір грамм бөдене жұмыртқасы құрамында А және D дәрумендері екі есе көп, деп жазады Muslim.kz. В тобындағы дәрумендер де анағұрлым, яғни алты есе, фосфор, калий және темір төрт-бес есе жоғары. Бұл диеталық өнімде мыс, кобальт, никотин қышқылы мен амин қышқылы да мол. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауықтардікіне қарағанда микробтардан таза келеді. Бұл ғалымдарды әлі күнге дейін қайран қалдыруда.
Өнімнің ең басты ерекшелігі – өз қасиетін жоймай ұзақ сақталуында. Бөлме температурасы жағдайында айға жуық, ал тоңазытқышта 60 тәулікке дейін сақтауға болады. Бөдене жұмыртқасының емдік қасиеті де ерекше. Мамандар бөдене жұмыртқасын әсіресе, балаларға, қарттарға, аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге, сырқат және әлсіз жандарға жиі тұтынуға кеңес береді. Себебі, бұл өнімнің адамның иммунитетін көтеріп, сергітетін қуаты мол. Нақтыласақ, бөдене жұмыртқасы мынадай ауруларға таптырмас ем: бас ауруына; демікпе мен туберкулезге; қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттейді; бүйрек, өкпе, асқазан, ішек ауруларын, асқазан жарасын жазады; фосфор, калий, темірдің әсерінен есте сақтау қабілеті жақсарады; анемияға; сәуле ауруларына; бөртпе пен диатезден құтқарады; салқын тию мен тұмауға; бұлшық ет пен сүйектерді қатайтады; баланың есте сақтау қабілетін арттырады; диета кезінде арықтауға, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды ағзадан тазартады; адамды жасартатын қасиетке ие (бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қат өнім саналады); Сонымен қатар, жұмыртқаның аршылған қабыршағын тастамай жуып, газ немесе «әсел» пешінде сәл кептіріп, кофе ұнтақтаушыдан өткізуге болатындығын қолданғандар айтуда. Олар дайындалған ұнтақты ірімшік, айран, тамаққа, болмаса суға бір шәй қасықтан қосып ішуге кеңес береді. Өйткені, оның құрамында 90 пайыз кальций мен 27 микроэлементтер бар. Ал зерттеулерге сүйенсек, дәріханаларда сатылатын кальцийлерге қарағанда бөдене жұмыртқасы қабығындағы кальций адам ағзасына өте сіңімді. Бұдан басқа, ол ағзаға аса қажет мыс, фтор, күкірт, кремний, мырышқа бай. Сондықтан ұсақталған жұмыртқа қабығын балалар мен жүкті келіншектерге ұсынған абзал. Ағзадағы кальцийдің молайып, сүйектердің қатаюына игі ықпалын тигізеді. Тістердің маржандай тізіліп, бүлінбеуіне де әсер етеді. Ал, жұмыртқа құрамындағы лецитин заты қандағы холестеринді төмендетеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның беліндегі қуаты артады. Бірақ та, жүрек дертінің атеросклероз түрімен ауыратындар мен оның алдын алушылар бөдене жұмыртқасын аз мөлшерде қолданғаны абзал. Өйткені, бөдененің еті де, жұмыртқасы да мың түрлі дертке дауа. Адамның ойлау қабілетін арттырып, ағзаны түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Ал, дәмі тіл үйіреді, әрі тойымды. Дәлірек айтсақ, кәдімгі тауық жұмыртқасына қарағанда, бір грамм бөдене жұмыртқасы құрамында А және D дәрумендері екі есе көп, деп жазады Muslim.kz. В тобындағы дәрумендер де анағұрлым, яғни алты есе, фосфор, калий және темір төрт-бес есе жоғары. Бұл диеталық өнімде мыс, кобальт, никотин қышқылы мен амин қышқылы да мол. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауықтардікіне қарағанда микробтардан таза келеді. Бұл ғалымдарды әлі күнге дейін қайран қалдыруда.
Өнімнің ең басты ерекшелігі – өз қасиетін жоймай ұзақ сақталуында. Бөлме температурасы жағдайында айға жуық, ал тоңазытқышта 60 тәулікке дейін сақтауға болады.
Бөдене жұмыртқасының емдік қасиетіне тоқталар болсақ, мамандардың айтуынша бөдене жұмыртқасын әсіресе, балаларға, қарттарға, аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге, сырқат және әлсіз жандарға жиі тұтынуға кеңес береді. Себебі, бұл өнімнің адамның иммунитетін көтеріп, сергітетін қуаты мол. Нақтыласақ, бөдене жұмыртқасы мынадай ауруларға таптырмас ем: бас ауруына; демікпе мен туберкулезге; қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттейді; бүйрек, өкпе, асқазан, ішек ауруларын, асқазан жарасын жазады; фосфор, калий, темірдің әсерінен есте сақтау қабілеті жақсарады; анемияға; сәуле ауруларына; бөртпе пен диатезден құтқарады; салқын тию мен тұмауға; бұлшық ет пен сүйектерді қатайтады; баланың есте сақтау қабілетін арттырады; диета кезінде арықтауға, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды ағзадан тазартады; адамды жасартатын қасиетке ие (бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қат өнім саналады); Сонымен қатар, жұмыртқаның аршылған қабыршағын тастамай жуып, газ немесе «әсел» пешінде сәл кептіріп, кофе ұнтақтаушыдан өткізуге болатындығын қолданғандар айтуда. Олар дайындалған ұнтақты ірімшік, айран, тамаққа, болмаса суға бір шәй қасықтан қосып ішуге кеңес береді. Өйткені, оның құрамында 90 пайыз кальций мен 27 микроэлементтер бар. Ал зерттеулерге сүйенсек, дәріханаларда сатылатын кальцийлерге қарағанда бөдене жұмыртқасы қабығындағы кальций адам ағзасына өте сіңімді. Бұдан басқа, ол ағзаға аса қажет мыс, фтор, күкірт, кремний, мырышқа бай. Сондықтан ұсақталған жұмыртқа қабығын балалар мен жүкті келіншектерге ұсынған абзал. Ағзадағы кальцийдің молайып, сүйектердің қатаюына игі ықпалын тигізеді. Тістердің маржандай тізіліп, бүлінбеуіне де әсер етеді. Ал, жұмыртқа құрамындағы лецитин заты қандағы холестеринді төмендетеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның беліндегі қуаты артады. Бірақ та, жүрек дертінің атеросклероз түрімен ауыратындар мен оның алдын алушылар бөдене жұмыртқасын аз мөлшерде қолданғаны абзал.
Экологиясы нашар аймақтың тұрғындары үшін бөдененің жұмыртқасы өте пайдалы екен. Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің докторанты Мұхтар Байбатшановтың айтуынша, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында радиациядан жапа шеккен балаларды бір орталыққа жинап, тәжірибе жүргізеді. Бір топтың балаларына бір ай бойына бөдененің жұмыртқасын шикілей ішкізсе, екінші топтағы балаларға жұмыртқа бермейді. Бір айдан соң жұмыртқа ішкен балалардың ағзасын тексергенде ғалымдар бөдене жұмыртқасы радиацияны ыдырататынын анықтаған. Мұрындарының қанауы, бас айналулары тоқтап, қандағы гемоглабиндері көбейген. Осыдан кейін көпшілік бөдене жұмыртқасын жаппай тұтына бастады.
Ғалым: «Біздер бөдене жұмыртқасына тәжірибе жүргізгенімізде, оның дәрумендік құрамы тауық жұмыртқасына қарағанда 3-4 есе жоғары екеніне көз жеткіздік», – деп сенімді түрде айтып отыр. Ал мұны жапондар біліп қана қоймай, ұлт денсаулығын жақсартуға қолданғанын айтады. Тіпті, мектеп жасындағы балаларға күніне екі бөдене жұмыртқасы тегін таратылып беріледі.
«Кезінде АҚШ Жапонияға атом бомбасын тастап, үлкен экологиялық апатқа ұшыратқаннан кейін, жапондықтар бөдененің адам бойындағы радиацияны ыдырататынын біліп, міндетті тамақ рационына енгізген. Сол кезде әрбір жапон баласы таңертең міндетті түрде бөдене жұмыртқасын шикідей ішетін болған. Осының арқасында жапон халқы денсаулығын түзеп, ойлау қабілетін дамытты. Бүгінде жоғары деңгейде дамыған мемлекеттердің көшін бастап келеді. Бөдене жапон халқын құтқарып қалды десек те болады», – дейді Мұхтар Байбатшанов ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында.
Сонымен Жапондықтар бөдене жұмыртқасын тұрақты тұтынған науқастың қатерлі ісіктің өзінен тәуір болатынын дәлелдеген көрінеді. Қазіргі уақытта Жапонияда бөдене шаруашылықтары жақсы дамыған. Бұл елде жылына 19 миллиардқа жуық бөдене жұмыртқасы өндіріледі. Керек десеңіз, бөденені зерттейтін орталықтар, институттар құрылған. Сонымен қатар, бүгінде Қытай, Үндістан, Германия және басқа да елдер бөдене ісін жандандыруға қатты көңіл бөлген.
Бөдене жұмыртқасын шикілей, қайнатылған, қуырылған, пешке сусыз пісірілген күйінде пайдалануға болады. Оны түрлі салатқа қоссаңыз да өз еркіңіз. Ботқаға, картоп езбесіне немесе сорпаға да қосуға болады. Ең дұрысы, бәрінен пайдалысы – шикі күйінде ішу. Сонда ол өзінің айрықша дәрумендерін сақтап қалады. Тоқетері, бөдене еті мен жұмыртқасы сырқат адамның жазылуына, дені сау адам үшін аурудың алдын алуға көмектеседі. Таза, әрі табиғи азықты күнделікті қолдансақ, көп шығынсыз түрлі дертке қарсы тұра алатындай денсаулығымызды нығайтуға болады. Бүгінде «ханның асы» саналатын бұл өнім дүкен сөрелерінде толып тұр. Ендеше, тұтынушылар қалағанынша сатып алуына мүмкіндігі бар. Бөдененің салмағы 500 грамм болса да, еті дәмді әрі бағалы. Кезінде хандар мен ақсүйектердің сүйікті тағамы болған. Сондықтан да шынашақтай ғана құс етіне деген сұраныс жоғары. Біздің Бәйдібек ауданының тұрғыны Қалдаш Төленов қазіргі таңда бөдененің еті мен жұмыртқасын сатып, бір отбасын асырап отыр. Оның айтуынша, тауықтың балапаны 21 күннің ішінде жұмыртқаны жарып шықса, бөдене 17 күнде өмірге келеді екен. Кәсіп иесі бұл құстарға сәбидей күтім жасап, алғашқы бес күннің ішінде жұмыртқаның сары уызымен ірімшікті араластырып береді. Бұл бөдененің көзі жақсы көріп, тез жетіліп кетуіне сеп болады.
Сонымен, Төленов Қалдаш ашқан «Кішігірім бөдене жұмыртқасын өндіру цехы» ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпіліс беруде. Бөдене шаруашылығы – заманауи және перспективті салалардың бірі. Бөдене жұмыртқасы мен етінің диеталық қасиеттері мен жоғары құндылығы халық арасында сұранысты арттыруда. Бұл цехтың ашылуы тек Төленов отбасының ғана емес, сонымен қатар аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға да өз үлесін қосады. Цехтың жұмысы заманауи технологияларға негізделген және өнім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Бөденелерді өсіруден бастап, жұмыртқаны жинау, сұрыптау және тұтынушыларға жеткізуге дейінгі барлық процесс мұқият бақылауда болады. Бұл жоба отбасылық бизнестің өркендеуіне негіз қалап, Төленовтер отбасының қаржылық тұрақтылығына бағытталған маңызды қадам болып отыр. Төленов Қалдаштың оқиғасы – өз ісін бастағысы келетіндер үшін шабыттандыратын үлгі болып табылады. Ол мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, өз арманын жүзеге асыруға болатынын дәлелдеді. Бұл мысал жас кәсіпкерлерге, әсіресе ауылдық жерлерде бизнес ашуды жоспарлап жүрген азаматтарға үлкен мотивация береді. Оның тәжірибесі мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін көрсетіп, кәсіпкерлік бастамалардың өңір экономикасын дамытудағы рөлін айқындайды.
Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса да, оның құрамында калий, фосфор, темір және В, В12 витаминдері бес-алты есе көп. Мұндай пайдалы өнімді жиі тұтынған адамның түрлі ауруға қарсы тұрып, жүрек қантамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысын жақсаратынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Сондай-ақ, бөдененің еті мен жұмыртқасы адам ағзасынан радиацияны шығарса, жұмыртқа құрамындағы лейцитин қандағы холестеринді төмендетеді. Ең алғаш үш жүз жұмыртқа сатып алып, инкубаторда басып шығарған Қалдаш Төленов бүгінде бөдене өсірудің қыр-сырын меңгеріп алды.
«Майсыз, диеталық тағам болғандықтан спортшылардың және салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың сүйікті тағамы деп айтуымызға болады. Бөдене филесінде 22% таза ақуыз бар, ол диетаны бақылайтын спортшылар үшін өте құнды; 100 гр. өнім тек 230 ккал құрайды, бұл өнімнің төмен калориялы екендігін көрсетеді. Сондықтан, бұл құстың еті диета кезінде қауіпсіз тұтынылады. Құрамында әр түрлі дәрумендер көп: A, H, K, D, сонымен қатар В тобының витаминдері бар; Өнімді құрайтын минералдар: мыс, калий, темір, кальций, магний бар; Холестерин өте төмен. Бұл көрсеткіш спортшылар үшін, сондай-ақ атеросклерозбен ауыратын адамдар үшін және қандағы холестерин деңгейін төмендету қажеттілігі үшін өте маңызды; Етте әр түрлі амин қышқылдарының болуы, олардың арасында: аргинин, гистидин және т.б. аминқышқылдары организмнің денсаулығы мен дамуы үшін маңызды компоненттер болып табылады. Бөдене жұмыртқасының адам денсаулығына пайдасы: табиғи дәрумендер қоймасы. Бөдене жұмыртқасы – ғасырлар бойы диеталық және емдік қасиеттерімен танымал болған бірегей табиғи өнім. Өзінің кішкентай көлеміне қарамастан, оның құрамы адам ағзасына қажетті дәрумендер, минералдар және биологиялық белсенді заттарға өте бай. Соңғы жылдары бөдене жұмыртқасының денсаулыққа пайдасы туралы ғылыми зерттеулер көбейіп, оның халық арасындағы сұранысы артқан. Бөдене жұмыртқасының құрамы және нәрлілігі өте күшті. Бөдене жұмыртқасының құрамында адам денсаулығы үшін маңызды көптеген пайдалы компоненттер бар және А, В1, В2, В5, В6, В9, В12, D, Е, РР топтарының дәрумендері мол. Әсіресе, В тобының дәрумендері жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне, энергия алмасуға және иммунитетті нығайтуға қажет. Минералдарына тоқталсақ, кальций, фосфор, темір, мыс, кобальт, калий, магний, мырыш, селен сияқты маңызды минералдарға бай. Бұл элементтер сүйектерді нығайтуға, қан түзілуге, бұлшықет қызметіне және жалпы зат алмасу процестеріне қатысады. Амин қышқылдарына бай құрамында лизин, метионин, треонин сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары бар, олар адам ағзасы үшін ерекше маңызды, өйткені оларды организм өзі өндіре алмайды. Ақуызына тоқталсақ, жоғары сапалы, оңай сіңетін ақуыздың көзі болып табылады. Ол бұлшықет тіндерін құру мен қалпына келтіруге, ферменттер мен гормондардың түзілуіне қажет. Бөдене жұмыртқасындағы холестерин деңгейі тауық жұмыртқасына қарағанда төмен және оның құрамындағы лецитин холестериннің зиянды әсерін бейтараптандыруға көмектеседі. Сондай-ақ, тауық жұмыртқасындағыдай сальмонеллез ауруының қоздырғыштары бөдене жұмыртқасында кездеспейді, себебі бөдененің дене қызуы жоғары болады, бұл бактериялардың дамуына кедергі келтіреді. Сол себепті, оны шикі күйінде де тұтынуға болады. Ағзаға тигізетін пайдасы да орасан. Бөдене жұмыртқасын тұрақты тұтыну көптеген аурулардың алдын алуға және денсаулықты жақсартуға көмектеседі және иммунитетті нығайтып, құрамындағы дәрумендер мен минералдар иммундық жүйені күшейтіп, әртүрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсарту: Калий және магний жүрек бұлшықетінің жұмысын қолдап, қан қысымын реттеуге көмектеседі. Ас қорытуды реттеудегі рөлі зор. Ондаңы амин қышқылдары ас қорыту процестерін жақсартуға ықпал етеді. Асқазан жарасы және гастрит сияқты аурулар кезінде шикі бөдене жұмыртқасын тұтыну асқазан қабырғасын тыныштандырып, емделуге көмектеседі. Нерв жүйесін қалыпқа келтіруде, В тобының дәрумендері жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп, стрессті азайтуға және есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі. Қан айналымын жақсартуда, құрамындағы темір азқандылықтың (анемия) алдын алуға көмектеседі, себебі ол гемоглобин синтезіне қатысады. Зиянды заттарды шығаруда, бөдене жұмыртқасының құрамындағы кейбір заттар ағзадан токсиндер мен ауыр металдарды шығаруға көмектеседі. Балалар денсаулығы үшін де ерекшілігі орасан, мысалы балалардың өсуі мен дамуы үшін өте пайдалы, олардың ағзасының дұрыс қалыптасуына, иммунитеттің күшеюіне және интеллектуалды дамуына ықпал етеді. Аллергиялық реакцияларды азайтуда да бөдене жұмыртқасы гипоаллергенді болып саналады және кейбір аллергиялық реакцияларды азайтуға көмектесетін овомукоид деп аталатын ерекше ақуызды қамтиды. Қолдану тәсілдеріне тоқталсақ, бөдене жұмыртқасын шикі күйінде, пісірілген, қуырылған немесе салаттарға қосып тұтынуға болады. Емдік мақсатта, әдетте, шикі күйінде аш қарынға ішу ұсынылады. Алайда, кез келген өнім сияқты, бөдене жұмыртқасын да мөлшерімен тұтыну қажет.
Қорытындылай келгенде, Бөдене жұмыртқасы – табиғаттың адамзатқа берген баға жетпес сыйы. Оның құрамындағы бай дәрумендер мен минералдар кешені денсаулықты нығайтып, көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі. Бұл өнімді күнделікті рационға енгізу – салауатты өмір салтын ұстанатын әрбір адам үшін тиімді және дұрыс таңдау болмақ.», — дейді кәсіпкер.
Бөдене өсірушінің кәсібін тарқата келе айтқанда, Төленов Қалдаш – мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дөңгелетіп, өзінің және отбасының болашағына сенімді қадам басқан азамат. Оның бөдене жұмыртқасын өндіру цехы – шағын бизнестің үлгілі үлгісі, ал оның тәжірибесі көптеген жас кәсіпкерлерге жол көрсетіп, оларды өз ісін бастауға ынталандыратыны сөзсіз. Бұл оқиға Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың жемісті нәтижесінің айқын дәлелі.