Есмұрза Дәулет Камалбекұлы – еліміздің кәсіпкерлік саласында өз орнын тауып, жас ұрпаққа үлгі болып жүрген азаматтардың бірі. Оның өмір жолы мен кәсіби қалыптасуы адал еңбек пен табандылықтың жарқын мысалы.
Өмірлік жолының бастауына тоқталар болсаұ, Дәулет Камалбекұлы 1980 жылдың 22 қаңтарында Алғабас ауданы,қазіргі Бәйдібек ауданы Шақпақ ауылында дүниеге келген. Туған жеріндегі 11 жылдық мектепті 1997 жылы аяқтап, білім алуға деген құштарлығы оны Шымкент қаласына жетеледі. Сол жылы күзде ол «Теледидар жөндеу» курстық оқуына түсіп, электронды құрылғылардың қыр-сырын меңгеруге кіріседі. Кәсіби қалыптасу және телекоммуникациядағы тәжірибесі саласында курстық оқуды сәтті аяқтаған Дәулет Камалбекұлы 2004 жылы Шаян ауылындағы «Қазтелерадио» мекемесіне жұмысқа орналасады. Бұл мекемедегі 19 жылдық жұмыс тәжірибесі оның кәсіби шеберлігін шыңдап, телекоммуникация саласында терең білім мен дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді. Ол осы ұйымдағы қысқартуларға байланысты жұмыстан шықса да, бұл ұзақ жылдардағы еңбек өтілі оның өмірлік және кәсіби қалыптасуында үлкен із қалдырды. Жеке кәсіпкерлікке бет бұру және шеберлігін жалғастыру мақсатында «Қазтелерадиодағы» жұмысы аяқталғаннан кейін, Дәулет Камалбекұлы өз білімі мен тәжірибесін жеке кәсіпке бағыттауды шешті. Қазіргі таңда ол машина жөндеумен айналысатын жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Өз жұмысына деген сүйіспеншілігі оны үнемі ізденуге және дамуға ынталандырады. Осындай еңбекқорлығының арқасында, ауыл-аймаққа сыйлы азамат, өнегелі отбасы. Тәлімгерлік және болашаққа инвестиция жағына аса мән берген Дәулет Камалбекұлының ерекше қасиеттерінің бірі – білгенін жас ұрпаққа үйретуге деген ниеті. Ол өз ұлына машина жөндеудің қыр-сырын үйретіп, оны осы кәсіпке баулып жатыр. Бұдан бөлек, «келіп үйренемін деушілерге әрдайым есігім ашық» деген сөзі оның азаматтық ұстанымын, білім мен тәжірибені бөлісуге дайын екенін көрсетеді. Бұл – тек кәсіпкерлік қана емес, сонымен қатар жастарға кәсіби бағыт-бағдар беріп, олардың болашағына инвестиция салудың үлгісі. Отбасы – тірегі, әрі еңбекқорлыңымен танылған кәсіпкер Дәулет Камалбекұлының басты бақыты – оның отбасы. Ол үш қызы мен бір ұлын тәрбиелеп отырған ардақты әке. Есмұрза Дәулет Камалбекұлының өмір жолы – қарапайым еңбекпен жоғары нәтижелерге жетуге болатынын дәлелдейді. Оның кәсіби шеберлігі, білімге деген құштарлығы және жастарға тәлімгерлік етуге дайындығы көптеген жас буынға үлгі болары сөзсіз. Расында да, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында қоғамның басты тірегі болып табылатын еңбек адамдарына, олардың елеулі еңбегіне назар аударып, жұмысшы мамандықтарын ұлықтауға ерекше мән берді. Президенттің бұл бастамалары ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып, еңбекқорлық пен кәсібилікті қоғамның негізгі бағдарына айналдыруға бағытталған. Сонымен қатар, Президенттің айтуынша, 2025 жылы жұмысшы мамандықтарының ерекше жылы ретінде атап өтілуі жоспарланды. Бұл қоғамда еңбек адамына деген құрметті арттыру, жастар арасында кәсіби техникалық білім алуға ынталандыру мақсатында жасалып отырған маңызды қадам. Қоғамға белгілі кәсіптердің маңыздылығын жеткізіп, еңбек адамдарын ұлықтау тек олардың мәртебесін көтеріп қана қойиай, жалпы елдің экономикалық дамуына шешуші рөл атқаруы тиіс дегені бекерге айтылып жатқан жоқ.