Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол — Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтінде – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дан тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қаұпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбін ана отының өшпеуін, шаңырағының құламауын сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.
Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз-әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» — деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» — деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.Иә, құдайдан кейінгі құдірет иесі – ана. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.
Осы орайда Төлеби уданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай көпбалалы аналармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі атынан аналарды құттықтап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.
🔹– «Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деге аталы сөз бар. Сіздер, мемлекетіміздің демографиялық әлеуетін арттырып, ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Өздеріңізге алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Мемлекеттік наградаларыңыз құтты болсын!» – деді Амалбек Дәркенұлы құттықтау сөзінде.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №862 Жарлығына сәйкес, ауданымызда 36 көпбалалы ана марапатталды.