Еліміз егемендік алып, мемлекет құрылымы, қоғам өмірінің барлық саласы жаңадан жол іздеп, тыңнан түрен сала бастаған жұрлаулы жылдары қалың бұқараның тыныс – тіршілігіне тікелей жауапты экономика мен өндіріс саласы да толықтай өзгеріске ұшырап, жаппай индустрияландыру бағытына бет түзеді. Негізгі бағдар өңдеу өнеркәсібі болды да, кейін ол бүкіл өндіріс, шаруашылық саласының қозғаушы екпінді күшіне айналды.
Соның ішінде экономикалық өсу деңгейі – қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларымен танылды. Бұл дегеніміз, экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі.
Экономикалық өсудегі мақсатымыздың өзі – бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейтеді. Демек, адамдардың білімі, дағды – тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір – жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.
Қазақстан экономикасының кейбір негізгі проблемаларының ішінде инфляцияны тұрақты дамыту үшін көп зерделеуді қажет етуде. Өйткені біздің елімізде, көптеген елдердегідей, бұл проблемаға тиісті көңіл бөлінбейді және оны басудың негізгі тәсілдеріне фискалдық саясат жеткіліксіз пайдаланылады.
Осы орайда Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандағы экономикалық көрсеткіштердің орындалуы барысы жайында аппараттық мәжіліс өткізіп, мәселелерді талқыға салды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі басшысы, дербес бөлім басшылары, қала, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Басты мәселеге орай, аудан, қалалардың қызметін бағалау жүйесі туралы рейтингісінің І – тоқсан қорытындысымен орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндама жасады.
Қазіргі таңда Төлеби ауданы ағымдағы жылдың 1 тоқсанына жоспарланған 9 бағыт бойынша жалпы 47,10 ұпайға қол жеткізіп, облыс көлемінде 6‑ шы орынға тұрақтаған.
Хаттар, е‑ өтініш және жеке қабылдауда көтерілген сұрақтар туралы аудан әкімі аппараты әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алмас Дүйсенбеков баяндады. Аудан әкімі аппараты заң бөлімін басшысының міндетін уақытша атқарушы Қайсар Ақылбеков құқық қорғау органдарынан келіп түскен ұсынымдар туралы хабарлады.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев баяндады. Бағдарламаның «Таза бастау», «Жасыл толқын», «Таза табиғат» кезеңдері аясында аудан аумағында 21 рет сенбілік өткізіліп, 41 мың көшет отырғызылып, 120 тоннадан астам күл-қоқыстар арнайы орынға шығыралды. Ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында өтетін «Киелі мекен» кезеңінде тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру, әулиелі жерлерді реттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан құрылысы жүргізіліп жатқан нысандар туралы бөлім басшысы Серғазы Қалдыбаев баяндама жасады. Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1110 шақырымды құрайды. 2025 жылы жалпы ұзындығы 59,4 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауыз су жүйесі бойынша Диханкөл елді мекенінде жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 13 елді мекенде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ 3 елді мекенде суағар, 3 елді мекенде аяқ жол орнатылады. Ленгір қаласында «Алатау» мөлтек ауданындағы қосалқы станцияның құрылысы мен №3 кәріз тазалау нысанының құрылыстары жүргізілуде.
Аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев баяндады. 2025 жылы бюджет есебінен іске асырылатын жобалар саны – 19. Бүгінде Ленгір қаласында Қапал батыр көшесіндегі көп қабатты 3 тұрғын үй құрылысы, Алатау мөлтек ауданында, Момынай, Көксәйек, Қаратөбе елді мекендерінде инфрақұрылым нысандарының және Көксәйек, Момынай елді мекендерінде спорт кешенінің құрылыстары жүргізіліп жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан Достық елді мекенінде 900 орындық, Көксәйек елді мекенінде 600 орындық, Қосағаш елді мекенінде 300 орындықты мектептерінде сыртқы инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы атқарылып жатқан жұмыстар сапалы жүргізіліп, көрсетілген мерзімінде аяқталуы қажеттігін ескертті. Көтерілген әр мәселе бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуы жеке бақылауында болатындығын жеткізді.