Ауылдағы ең мәртебелі де қарапайым мамандықтың бірі – механизатор. Еңбек дейтін майданда халықпен де, үлкенмен де, кішімен де басшымен де, қосшыменде тіл таба білетін ағайынды механизаторлардың тіршілігі көпке үлгілі де, қызығарлықтай болары сөзсіз.
Жасыратыны жоқ қазіргі уақытта тірліктің көзін таба алмай, жатып ішерлік пен масылдылыққа бой бұрып, оңай олжаға кенелгісі келетіндер жайында жиі айтылып, керісінше «еңбек бәрін жеңбек» деген ұстанымды ұстағандардың озып тұрған шағы. Ендеше, түзу жүріп, алдынан несібесін тапқан адамның ғана ел алдындағы еңсесі биік болмақ.
Біздің әңгімемізге арқау болып отырған Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округіндегі Теспе ауылындағы ағайынды азаматтардың әрекеті.
1969 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы, бұрынғы Фрунзе совхозы, қазіргі Теспе аулында дүниеге келген Жарқынбек Нұрпапаұлы 1983 жылы №59 Қ.Жандарбеков атындағы орта мектептің табалдырығын аттаған ол, 8‑ші сыныпты бітірген соң, Ордабасы ауданына қарасты Шұбар елді мекеніндегі №34-ші СПТУ‑ деп аталатын училищені (қазіргі кәсіптік‑техникалық коллерджі) тракторшы‑ машинист, 3-ші дәрежелі слесарьшы мамандығы бойынша 3 жыл оқып, білім алған. 1987 жылы туған аулында комбайнер, тракторшы болып 10 жылдан астам жұмыс жасаған Жарқынбек, совхоз тарқаған соң, өз бетімізше еңбек етуге араласып кеткен. Әкесі Нұрпапа ұлының еңбекке ерте араласқанымен қоймай, табандылығына сүйсініп, өз қаржысына «ЮМЗ‑6» Беларусь тракторын әперген.
Жарқынбектің артынан ерген туған бауыры Ағабекте ағасы білім алған оқу ошағынан, дәл сол мамандықты меңгеріп, әкелері әперген трактормен тіршілік жасап жүргендеріне біріне 40- жылдан асса, енді біріне 30- жылдан асыпты.
Таң сәріден егістік алқаптарына аттанып, күн қария үйге оралатын олардың жер жыртып, дән сеуіп дегендей, тіпті егін‑ терін жиналғанға дейінгі тынымсыз тірліктерінің нәтижесінде, бүгінде аулаларында екі комбайын, бір К‑701 тракторы және соңғы үлгідегі «Беларусь» тракторын көріп, жеткен жетістіктері жемісті екен дедім. Айтулыраншы екеуі де бозбала шақтарынан ауыр техникаларды айдап, ауылдағы ағайынның ғана емес, Сайрам аауданын айтпағанда, көршілес Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы аудандарының тұрғындары үшін де қызмет етуде екен. Тіпті Шымкент шаһарындағы Айкөл елді мекеніне де барып, ауыл шаруашылық жұмыстарының барлық түрінен қызмет көрсететінін де тілге тиек еткен ағайынды механизаторлар, несібелерін осы техникалардан тауып жатқанын мақтанышпен айтып, шүкіршілік айтуда.
Теспе аулындағы №59-ші Қ.Жандарбеков атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінен беретін кіші інілері Айдынбектің, қолы қалт етсе ағаларына көмекші екен. Бір сөзбен айтқанда ауыр техникаларды жөндеу, олардың ұқыптылығы кенже інілерінің мойнында екен. Менде сенбі күні бұл шаңыраққа барғандықтан, үйдің іргесінен аулақтау жердегі шағын шаруа қожалығының, ондағы үш ағайынды азаматтардың ынтымақтаса техникаларын жөндеп, ендігі бір жұмысқа жиналып жатқан сәтінің куәсі болдым.
31 жылға жуық маханизатор болып жүрген Ағабек, алғаш ағасы Жарқынбекке көмекші болып жүріп, оның үйреткен тәжірбиесінен тәлім алдым дейді. Үлкен ұлы Қазыбек Шымкент қаласындағы №3 кәсіптік техникалық колледжінің автоэлектрик мамандығын меңгеріп, бүгінгі күні алған мамандығы бойынша Шымкент қаласындағы жекеменшік «Автосервисте» жұмыс жасап, нәпәқасын тауып, отбасына да қарайласып жүрсе, екінші ұлы Сержан да әке жолын қуып, өзі оқыған кәсіптік колледжді бітіріп, биыл қолына диплом алып, ағаларының қатарына қосылып, озық механизатор болуды көксеуде екен.
Сөз арасында ағайынды механизаторлар, ауыл жастарының арасында осы мамандыққа деген қызығушылықтың жоқтығы алаңдататынын, өзінен кейінгі механизаторлар тәрбиелеп шығуға жастар арасында ұмтылыс болса, ұстаздық етуден жалықпас едік дейді.
Ағайынды механизаторлардың айтып отырған сөздерінің жаны бар. Ауыл ақсамасын десек, ауылдың қажеттілігіне жарайтын бұл мамандықты меңгеруді жастардың санасына құя берсек артықтығы болмасы анық.
Отбасылық шаруашылықты дмаытқан ағайындылар өз отбасыларын құрып, еліміздің өркендеуіне де үлестерін қосқан. Ағалары Жарқынбек бір ұл, екі қыз тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отырса, Ағабек үш ұл, екі қыздың әкесі екен. Есейген екі ұлы да әке жолын таңдаса, екі қызы да мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарының студенті атанып, үлкен қызы Алматы қаласындағы Әл‑ Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Механикаландырылған математика» факультеті бойынша биыл бітірсе, ортанша қызы Ақнұр Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «химия» факультеті бойынша ІІ‑ курс студенті. Ең кенже ұлы Нұрхан 7-ші сыныпты бітіріп, 8-ші сыныпқа көшіпті.
Кәсібін сүйіп, ісіне адалдық таныту еңбек адамының ең бірінші асыл қаисеті.
Мемлекет басшысы Қасым‑ Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында: «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең силы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды, ‑ деген еді.
Еңбегімен еленген кейіпкерлеріміздің еңбекке құштарлығы, халыққа деген шынайы ниеті отбасындағы саналы тәрбиенің де жемісі шығар деп ойлаймын.