Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамаларды орындау мақсатында Төлеби ауданында кешенді жоспар бекітіліп, іске асырылуда.
Ауданда халықтың билікке сенім деңгейін көтеру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен нақты іс‑шаралар жүргізілуде. Биліктің халықпен жиі кездесу өткізіп, олардың мұң‑мұқтажын тыңдау, бүгінгі күннің күн тәртібінен түсірілмеген аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Алатау» мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесті.
Естерңізде болса былтыр Төлеби ауданында құны 1,2 млрд. теңгені құрайтын су электрстанциясының құрылысы басталған еді. 3,2 мВт/сағатына қуаттылыққа ме станциясының құрылысы осы жылы толық аяқталып, жиырмадан астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылады екен.
Алайда аудандағы ең өзекті мәселелердің бірі – ауыз су болғандықтан, әсіресе көктем, жас мезгілдерінде ауыз су тұтынудың көлемі көбейгендіктен, су тапшылығын жеткізу мұңға айналатыны жасырын емес. Аталған мәселелерді шешу үшін, қосымша ұңғыма қазылып, бұлақ көздерінен су құбырлары да тартылуда.
Негізінде аудан әкімінің «Алатау» мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылған мәселе тіршілік нәрінің тапшылығына қатысты болуда.
Ауыз су – бұл адам мен басқа тіршілік иелерінің күнделікті шектеусіз және қауіпсіз тұтынуына арналған су. Судың адам денсаулығына тигізетін пайдасы мен маңызы өте үлкен. Тіпті адам ағзасының 65 пайызы судан тұратыны бәрімізге белгілі.
Осыған орай аудандағы 55 елді мекенінің 54 елді мекені ауыз су жүйесіне қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жетіп отыр.
Өткен жылы ескірген су жүйелерін жөндеп, ашық су көздеріне су тазалағыш қондырғыларын орнату жұмыстарына биыл 608 млн. теңге бөлініп, ауданға қарасты Алшалы, Жаңакүш, Ұзынарық, Диханкөл және Ленгір қаласындағы Көктерек елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысы аяқталуда.
Дегенмен аудан халқының әліде болса ауыз суға тұрақты қол жеткізе алмай отырғаны әкімдік тарапынан алаңдаушылық танытып, сала басшыларына мәселенің шешу жолдарын аудан әкімі қатаң тапсырып қана қоймай, әрі бақылауда болатынын жеткізді.
Ал аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Ленгір қаласы тұрғындарымен кездескен Еркеғали Әлімқұлов «Алатау» мөлтек ауданындағы қосалқы станциясының құрылысының жұмысына барынша тоқталды.
Мердігер мекеме «Алматы мәдени тұрмыс құрылыс» АҚ өкілдері 110кВ ӘЖ бар ҚС – 110/10кВ электр қосалқы станциясының құрылыс жұмыстарын таныстырып, нәтижесінде жоба құны 2 млрд 169 млн теңгені құрайтын қосалқы станция 2025 жылдың 31 мамырына дейін құрылысын аяқтау жоспарланған болатын. Алайда қосалқы станция құрылысы әлі күнге дейін аяқталмай, жұмыс барысында кемшіліктерге жол берілуде екен.
Өз кезегінде аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарындағы олқылықтарды ретке келтіріп, ақауларды жойып, қосалқы станцияны бекіткен мерзімде, яғни 31 мамырға дейін аяқтауды қатаң ескертті.