🎗️ Ұлы Жеңістің 80 жылдығы Сайрам ауданында ерекше аталып өтті. Қарабұлақ ауылдық округінің тумасы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, ел қорғаған ержүрек азамат – Анартаев Ахмаджан ақсақалды облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен аудан әкімі Арман Сәбитов арнайы құттықтап, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан марапаттады деп, хабарлаған 🔗 Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
⏬️ Майдангерге Мемлекет басшысының Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік төсбелгісі салтанатты түрде табысталып, ел үшін жасаған ерлігі мен еңбегі үшін құрмет көрсетті.
⏬️ Ахмаджан ата биыл 99 жасқа толып отыр. Ардагер өмірінің әр сәті – елге, ұрпаққа үлгі боларлық тағылым. Кездесу барысында ардагер сөз сөйлеп, майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтіп, ерлікпен келген бүгінгі бейбіт күн үшін алғыс білдірді.
⏬️ Бұл – ерлік пен тағзымның тоғысқан күні. Осындай ардагерлеріміз барда – тарихымыз да, Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ!