Грекияның Софикон қаласында өткен First LEGO League Challenge халықаралық чемпионатында еліміздің абыройын қорғаған «Қазығұрт» командасы екі бірдей жүлделі орынды иеленіп, еліміздің мерейін үстем етті. Жас өнертапқыштардан құралған команда «Robot Design Award» номинациясында және «Alliance Cup» сайысында 3-орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған халықаралық сайысқа 50-ден астам елден үздік командалар қатысып, өз жобаларын, инженерлік шешімдері мен командалық жұмысын ортаға салды. Оқушылар робототехника, бағдарламалау және инженерлік жобалау салаларындағы білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, болашақ STEM мамандары ретінде танылды.
First LEGO League Challenge — 10-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған әлемдік деңгейдегі STEM жарысы. Бұл сайыс балалардың ғылым мен техникаға қызығушылығын арттырып, сыни ойлау, топпен жұмыс істеу және инновациялық шешім қабылдау дағдыларын.