Aimaqnews.kz сайты мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым. Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.
Мекенжай: Шымкент қаласы. Email: info@aimaqnews.kz Тел: +7 702 457 9651
Қараспан мен Қалаш ауылдарын жалғайтын аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 9 шақырым болатын жол құрылысын “ДОС GROUP” ЖШС жүзеге асыруда. Жоба 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады. Жоспар бойынша жол биыл, мамыр айында пайдалануға беріледі деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, “Темірқазық” ЖШС Қалаш ауылына балалар ойын алаңшасын орнатып, тұрғындардың игілігіне берді.
Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және балалардың қауіпсіз әрі қызықты ортада ойнауына мүмкіндік жасауға бағытталған.