🔷 Өкінішке орай, халық арасында, интернет кеңістігінде жергілікті атқарушы органдардың атынан азаматтар арасында жоғарыда көрсетілгендей жалған құжаттар таралып жатқандығы және пәтер алып беруге көмектесемін деп заңсыздыққа баратын алаяқтар көбеюде. Егер осындай күмәнді жағдайға тап болсаңыздар, шұғыл құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар.
🔷 Тұрғын үй басқармасы қызметкерлері ресми хабарламаларды Шымкент қаласы әкімдігінің және Тұрғын үй басқармасының ресми сайттары, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы таратады.
🔷 Алаяқтық әрекет Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке алып келеді, яғни бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін ескертеміз.
🔷 Сіздерден алаяқтардың жолдаған жалған құжаттамаларына немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарына сенбеуді, сондай-ақ, бейтаныс нөмірлерге ақша аудармауды сұраймыз.
🔷 Қауіпсіздік үшін:
Жеке деректеріңізді бөгде адамдармен бөліспеңіз
Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз. Күмәнді хабарламаларға сенбеңіз