7 сәуірде Шымкент қаласының Абай саябағында 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен өз өмірін қиған құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілеріне арналған еске алу митингі өтті. Бұл іс-шара ардагерлерді, әскери қызметшілерді, мектеп оқушыларын және батырларды құрметтегісі келетін жергілікті тұрғындарды жинады деп, хабарлаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Айта кету керек, биыл тәжік-ауған шекарасындағы қайғылы оқиғаларға 30 жыл толды.
Гүл қою рәсімі ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің аумағында орналасқан еске алу стелласында басталды, онда атаулы іс-шара барысында тәжік-ауған шекарасындағы операцияларға қатысқан ардагерлер марапатталды. «Бұл наградалар тек айырым белгілері ғана емес, бұл біздің сарбаздарымыздың батылдығын құрметтеу мен мойындаудың символы», — деп атап өтті ардагерлердің бірі запастағы полковник Ошақбай Сейітбеков.
Әскери бөлімдегі рәсімнен кейін қатысушылар Шымкент қаласының Абай саябағына барды. Мұнда жиналғандар ескерткішке гүлдер мен гүл шоқтарын қойды, содан кейін бір минут үнсіздікпен бейбіт аспан үшін өз өмірін қиған батырларды еске алды.
— «Құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлері үшін есте қаларлық күн 1995 жылғы 7 сәуір. Бұл күні Пшихавр шатқалындағы Калай-Хумб қаласының ауданында орналасқан Шымкент қаласынан 5485 әскери бөлімінің (Қазіргі Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің) Ішкі әскерлерінің жиынтық ротасы моджахедтердің шабуылына ұшырады, онда тең емес шайқаста осы бөлімшенің 17 әскери қызметшісі қаза тапты. Отыз үш офицер мен сарбаз бұл шайқаста жараланды. Біз әрқашан жас жігіттердің жарқын естеліктерінің алдында басымызды иеміз», — деді 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов өз сөзінде.
Сондай-ақ, іс-шара барысында қаза тапқан жауынгерлердің бірінің анасы Бақбаева Ұрқия және тәжік-ауған шекарасындағы қайғылы оқиғаларға қатысушы запастағы полковник Берік Омаров сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан 30 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасындағы Пшихавр тау шатқалында қазақстандық жетінші жиынтық ротасы моджахедтертің шабуылына ұшырады. Ішкі әскерлердің (Қазіргі Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерінің батылдығы мен табандылығының арқасында жоғары күштермен қатал шайқаста қарсыластың тиімді позицияларды басып алу әрекеті тоқтатылды.
Сол шайқаста қазақстандық бітімгерлік батальоны 17 жауынгерінен айырылып, 33-і жарақат алды. Ол жерде қаза тапқандар Ержан Байбағысов, Бауыржан Далабаев, Имомаддин Жұматов, Дастан Нұрметов, Тахир Райымжанов, Еркебулан Мақажанов, Радик Каймульдиев, Ержан Әбдиев, Жақсылық Жансүгіров, Ербол Бекебаев, Қанат Едырышов, Еркин Байғабылов, Ербол Исабаев, Михаил Мартыненко, Анатолий Мешков, Әлихан Огизбаев пен Қалмахан Бақбаев.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қаза тапқан әскери қызметшілердің бесеуі II дәрежелі «Айбын» орденімен, 12 жауынгер «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен марапатталды.
Шымкенттегі митинг 1995 жылғы оқиғалар туралы тарихи жадыны сақтаудағы маңызды кезең болды және батырлардың ерлігі халықтың жүрегінде мәңгі қалатынын атап өтті.