
Жаңа мәдениет сарайы бірнеше бағытты қамтитын көпсалалы орталық болмақ. Мұнда IT-хаб, креативті хаб және қоғамдық бастамалар хабы жұмыс істейді. Қала тұрғындары үшін креативті индустрия алаңдары, суретшілер шеберханасы, көрме залы, амфитеатр, коворкинг, кеңсе бөлмелері, форум алаңы, сән көрсетіліміне арналған трансформер-сахна, бизнес-инкубатор, фото және видеостудия, дыбыс жазу студиясы, подкаст алаңы, конференц-зал, сондай-ақ, экологиялық бастамалар мен ата-аналар клубтары секілді қалалық қауымдастықтардың филиалдары қолжетімді болады. Сондай-ақ, болашаққа қажетті дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, IT-модельдеу және робототехника, тұрмыстық шаруашылық, руникалық жазу, домбыра тарту, шахмат, бассейн, үлкен теннис, футбол, күрес, көркем гимнастика, жаттығу залы мен би сабақтары ұйымдастырылады.