Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы ұлттық киім жайындағы сүбелі сөзін бірден-бір қолдаған Түркістан облысы әкімі апаратының мемлекеттік қызметшілері.
Ұлттығымызды айшықтайтын, мәдениетімізді дәріптейтін Ұлттық киім — әрбіріміздің болмысымызды, дүниетанымымызды бейнелейтін, тарихи құндылығымызға, рухани байлығымызға құрметімізді арттыратыны сөзсіз.
Ендігі жерде тек мерекелік шараларда ғана емес, жұмыс күнінің әр сәрсенбісінде ұлттық киіммен келуді үрдіске айналдырған мемлекеттік қызметшілердің бұл бастамасы — ұлттық сананың жаңғыруына жасаған нақты қадамы деп қабылдадық. Сондықтан болар бірыңғай Ұлттық киім киген қызметшілерді көргенде көңіліңнің көтеріліп, жаныңның жадырап салары шындық.
Ұлттық киімді ұлықтау мақсатында челленджіге қосылушы мекемелер қатары да көбеюде.