
Инвестициялық штаб – бизнес мәселелерін жедел шешуге арналған ашық алаң. Бүгін Арыс қаласы мен Сайрам ауданындағы «Nurym Group» ЖШС-не еншілес компаниялар тобының 500 гектарға жаңбырлатып суару әдісімен жем-шөп дақылдарын өсіру, австралиялық әдіспен мал базары кешенінің құрылысы, ет және жануарлар қалдықтарын терең өңдейтін ет комбинатын салу инвестициялық жобаларының жүзеге асырылуы пысықталды. Сондай-ақ Ордабасы, Түлкібас және Қазығұрт ауданындарындағы «Саутс Ойл» ЖШС-не еншілес компаниялар тобының мұнай өңдеу зауыты, Састөбе инновациялық кешені, Өгем өзенінде ГЭС каскады бар су құбыры инвестициялық жобаларының құрылыстары жүргізілуде.