«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сайрам ауданы аумағындағы елді мекендерде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Шараға 10 мыңға жуық адам қатысты. Белсенді азаматтар, аудан тұрғындары мен мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысқан тазалық науқанында көше бойларының, арық атыздардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің аумақтары күл-қоқыстардан тазартылды.
«Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі» мекемеден алынған 12650 дана көшет ауыл округтер аумағына егілді. Жұмыс барысында 25 техника жұмылдырылып, полигон аумағына 66 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар тасымалданды.