Өмірі еңбекпен өрілген ардагерлерге құрмет көрсету қашанда маңызды. Еңбектің қазанында қайнап, ауыл шаруашылығы саласында тер төккен ардагерлердің бірі Қошқарбек Дүйсенбаевтың еңбегі елеулі.
Қошқарбек Дүйсенбаев 1958 жылы Сайрам ауданының бұрынғы Ленин бөлімшесінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Төрткүл ауылында 1974-1975 жылдары кәсіптік мектепте оқыған. 1979 жылы Шымкент қаласының Лапшын елді мекеніндегі ауыл шаруашылығы совхоз техникумында автокөлік жөндеу механикалық бөлімін, 1983 жылы механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы Қайнарбұлақ совхозы Ленин бөлімшесінде механизатор болып бастап, шопан және аға шопан, механик, шөп бригадирі болған. 1992 жылы кеңшар тараған соң ауыл шаруашылығы бойынша жеке кәсіппен, мал бордақылау, ет сату кәсібімен айналысты.
2004-2016 жылдары Сарыарық ауылының биі болды. Қошқарбек Дүйсенбаев 2021 жылдың ақпан айында зейнетке шығып, бүгінде қоғамдық жұмыстармен белсенді араласуда.
Саналы ғұмырын қоғамның дамуына арнап, адал еңбекті ту еткен ардагердің өнегелі өмір жолы жастарға үлгі. Құрметті ардагер атанған Қошқарбек Дүйсенбаевтың аудан экономикасын, шаруашылығын өркендету жолындағы бейнетінің зейнетін көре беруіне тілектеспіз.
#ЖұмысшыМамандықтарыЖылы
#ЛайықтыЕңбек
#ЕңбекАдамыСайрам