1 наурыз — Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Шымкент қаласы бойынша «Қарулы күштер
ардагерлері» кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев, қалалық
ардагерлер ұйымдарының өкілдері және жергілікті әскери басқару органдарының
әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Егоровна Мосуноваға
қонаққа барды.
Кездесу барысында Серікбай Оңбаев қаланың әскери қызметкерлері мен ардагерлері атынан Нина Егоровнаға ерлігі үшін шексіз алғысын білдіріп, сыйлықтар табыстап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Әже құттықтауларды ықыласпен қабыл алып, қонақтарға ілтипат білдіргендері үшін алғысын білдірді, қызметте табыс тіледі және соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісе отырып, тарихтың қиын кезеңдеріндегі қайсарлық пен батылдығының маңыздылығын атап өтті.