Облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен инвесторлар мен кәсіпкерлерге құқықтық қолдау мен көмек көрсету туралы «2025ж. Инвест Керуен» науқаны Ордабасы ауданында өтті деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Науқанның мақсаты Жалпы Ұлттық және Өңірлік пұлға енгізілген инвестициялық жобалардың жай-күйін зерделеп, инвесторлар мен ірі кәсіпкерлік субъектілерін жеке қабылдау, олардың проблемалық мәселелерін анықтау және шешуге бағытталған.
Кездесуге арнайы облыс прокурорының орынбасары, аудан прокуроры, аудан әкімі, «Атамекен» ҰКП, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдігі және тағы да басқа уәкілетті мемлекеттік органдар және монополия субъектілері қатысты.
Бизнес өкілдері өздерін толғандырып жүрген мәселелерімен бөлісіп, шешу жолдары ұсынылып, уәкілетті органдарға хаттамалық шешіммен бірқатар тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, облыс прокурорының орынбасары инвесторларды жеке қабылдап, заң мағынасы түсіндіріліп, шешу жолдарын қарастыру ұсынылды.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен оларды сүйемелдеу бағытындағы жұмыстар прокуратураның басты назарында және бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.