Бәйдібек ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 73 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Өңірде 400 АЕК көлемінде берілетін қаржылық қолдауға 180 азамат өтініш білдірген. Ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды грант алып, жұмысын бастаған жас кәсіпкерлердің жұмыс барысымен танысып, арнайы мониторинг жұмыстарын жүргізді деп, хабарлаған Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ақәділ Болатұлы әрбір кәсіпкердің жұмысын жеке қарап, ашылған наубайханалар, тігін шеберханалары, құс шаруашылығын дамыту, гүлдер әлемі және тері өңдеу цехтарының жұмысымен танысты. Әрбір кәсіпкер өз ісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда.