Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымыздың барлық елді мекендерінде көшелерді тазалау, қоқыс шығару, су айдындарының жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізіліп келеді деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпан айынан басталған эко акция ауданға қарасты барлық ауыл округтерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, жалпы 42 тоннаға жуық қоқыс шығарылған.
Онымен қоса, «Таза Қазақстан» эко акция аясында тұрғындардан телеграм бот арқылы 2024 жылы 45 өтінім келіп түссе, биылғы жылға 20 өтінім түсіп мерзімінде орындалды.
Айта кетсек, ауылдың жергілікті тұрғындары мен ауыл белсенділерінің қатысуымен өтіп жатқан сенбілік жұмыстары жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.