Аудан әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары М.Ш.Әшірбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кең дала 2» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттарын түсіндіру үшін арнайы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Әбдісаттарұлының бекітілген кестесіне сәйкес семинар-кеңес өткізілді деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атаулы жиынға «Аграрлық несие корпорациясы» Акционерлік қоғамы Шымкент қаласы филиалы, Несие бөлімінің бас маманы Есенбеков Мұратбек Оразбекұлы, «Аграрлық несие корпорациясы» Акционерлік қоғамы Шымкент қаласы филиалы, Несие бөлімінің бас маманы Шерімқұлұлы Ержан, «Ырыс» микроқаржылық ұйымының Қазығұрт ауданы бойынша несие сарапшысы Өсербаев Бекет Сәруарұлы қатысып, түсіндіру жұмстарын жүргізді.
Сонымен қатар, семинар-кеңеске аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, барлық ауылдық округтердің жауапты қызметкерлері, жергілікті шаруалар мен тиісті сала мамандары қатысты.
Аудан шаруаларына «Кең дала 2» бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттары, қолдау шаралары талқыланып кеңінен түсіндірілді.
Аталған бағдарлама аясында аудан шаруалары көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алып отырды.