Төлеби ауданында автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды, ішкі көшелерді қардан тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Тазаланған аймақтарға көк тайғаққа қарсы құм-тұз, инертті материалдар себілуде деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы, аудандағы облыстық маңызы бар жолдарды «Оңтүстік жолдары» МКК, аудандық маңызы бар жолдарды “Жарық-жол” КММ, қаланың көшелерін «Ленгір тазалық» КММ қардан тазалауда.

Бұл іске арнайы 30 ға жуық техника, 100 ден астам қызметкер жұмылдырылып, үзіліссіз жұмыс істеуде. Қардан тазаланған аймақтарға инертті материалдар себілуде.
Айта кетерлігі, Төлеби ауданындағы облыстық маңыздағы жолдар — 259,84 шақырымды, аудандық маңыздағы жолдар – 170,05 шақырымды, елді мекен көшелері – 680,1 шақырымды құрайды.

Төлеби ауданы әкімдігі жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын бақылауға алды.

Барлық азаматтарды сақтық шараларын сақтап, алыс сапарларға шықпауға шақырамыз!