Аудан әкімі Аскар Естибаев бүгінгі жұмыс күнің орталық саябақта түйіндеді деп, хабарлаған Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ол жерде аудан басшысы алдынғы аралау барысында анықталған істен шыққан жарықшамдарды қалпына келтіру бойынша біршама кемшіліктердің орындалу барысын бақылап, тұрғындардан түскен өтініш негізінде демалыс орнындағы балалар ойын алаңшасының кеш мезгілінде жарық болуын және қосымша орындықтар орнату мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар барысын тексерді.
Жауаптыларға берілген тапсырмалардың орындалуына көз жеткізіп, тиісті орынбасары және бөлім басшысымен аудан орталығының негізгі демалыс аймағының аумағын абаттандыруға қатысты алдағы жоспарларды талқылады.
Атап айтсақ, демеушілер есебінен ескі ғимаратты қайта жаңғыртып, толық жөндеуден өткізіп, демалушыларға және жас буын өкілдеріне уақытын тиімді өткізу мақсатында шахмат клубы ету, ардагерлеріміздің бас қосуына ыңғайлы етіп, ұлттық нақыштағы он төрт қанатты киіз үй үлгісіндегі нысан тұрғызу, ардагерлер үйін соғу барысы жоспарланып, бой көтеретін орындары зерделенді.