Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов бүгін 102 жасқа толған Тұрбат ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Әкімбай Жұмабаев ақсақалды арнайы туған күнімен құттықтады деп, хабарлаған Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ғасырдан аса ғұмыр кешкен қарияның шаңырағына барған аудан әкімі өзінің ақ тілектерімен қоса арнайы сый-сияпатын табыстады. Сондай-ақ, қуанышты Әкімбай ақсақалдың отбасымен бөлісіп, отбасына бақ-береке тіледі. Ал, қоғам белсендісі, ақын Біржан Қалдыбаев қарияға арнайы жыр шумақтарын арнады.
Өз кезегінде қария ризашылығын білдіріп, аудан әкіміне алғысын айтты. Батасын беріп, елдің амандығын тіледі.