ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті бөлімінің аға офицері майор Қайрат Нұрмашев департаменттің кітапхана қорына 31 дана қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттерді сыйға тартты.
Осылайша офицер тамаша игі істің бастамашысы бола білді. Кітапханаға сыйланған кітаптардың барлығы да соңғы жылдары шығарылған кітаптардан тұрады.
Жалпы сомасы 121 мың теңге көлеміндегі кітапты сыйға тартқан Қайрат Абдирасулұлы департамент жеке құрамының оқуға деген ынтасын арттыру, игі іс жасау мақсатында жасағанын алға тартады.