Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспарына сәйкес, Сайрам ауданы әкімі аппаратының «Ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі» бөлімшесінің бас инспекторы Абзал Бектасов Сайрам ауданына қарасты «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен анық ақпараттың болуы, ғимараттың кіреберісіндегі ішкі жағдайлармен, аудан тұрғындарына қызмет алу үшін арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталғандығы, мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы жағдайлардың болуы, арнайы шақырту батырмасы, пандус орнатылғандығы, оларға көрсетілетін қызмет сапасына қатысты мәселелер талқыланды. Бөлім ғимаратына кіріп-шығуы үшін дабыл батырмаларының жұмыс істеуі тексеріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.
Бақылау нәтижесінде қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі