Қазақ елінің ілгері дамуының негізгі қозғаушы күші, дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, салтымыз бен дәстүрімізді келер болашаққа жеткізуші алтын көпір – бүгінгі жастар. Себебі, «қарт – оймен, жас — ісімен» демекші, айтатын ойын байыппен түсініп алып, оны ісімен дәлелдеп жүрген жастарды көргенде, тәуелсіздіктің тамырын тереңдетіп, Қазақ елін іргелі мемлекетке айналдыратын – осындай жастар деп түйіндейсің.
Сонымен бүгінгі тақырыптың арқауы – Әділет Бақытжанұлы Әбухайыров. Ол Түркістан облысы Ордабасы ауданының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген жас көшбасшы, Ордабасы аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты, Ордабасы аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы ретінде, өз қызметінде жастар бастамаларын қолдау мен жергілікті әлеуметтік жобаларды үйлестіруге айрықша үлес қосып келеді.
Бүгінгі таңда Әділет Әбухайыров Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына «Әділет» партиясының тізімі бойынша үміткер ретінде тіркеліп, Мемлекет басшысының 2026 жылғы Жолдауында белгіленген басым бағыттарын алға тартып, әлеуметтік саланы дамыту мен жас ұрпақтың әлеуетін арттыру және өңірлердегі нысандардың жұмысын жетілдіру мақсатында өз кандидатурасын ұсынуда.
Үміткер, жас буын Әділет Бақытжанұлы заманауи технологияларды жетік меңгерген және мәселелерді шешудің тың тетіктерін ұсына алатын, цифрлық коммуникация арқылы халықпен ашық әрі жедел ері байланыс орнатуға бейім, өз саласының білікті маманы. Сондай-ақ тұрғындардың күнделікті өмірдегі түйіткілдерін – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, инфрақұрылым мен жастарды жұмыспен қамту мәселелерін жетік білетіні тағы бар.
Ендеше, өзін-өзі ұсыну арқылы бақ сынауға жолы ашылған, жас көшбасшы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Әділет Әбухайыровтың — ел болашағы үшін жауапкершілік алуға дайын екені және сайлаушыларының аманатын арқалап, ауыл-аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған сапалы шешім қабылдайтыны, алдағы қызметі мен сайлауалды уәделерінің орындалуы сайлау нәтижелері мен өңір тұрғындарының қолдауына тікелей байланысты. Бүгінде сайлаушылары үміткердің бағдарламасымен танысып, оның аймақ дамуына қосар үлесіне өз бағаларын береді деген ниеттемін.
Сайлау науқаны кезеңінде өңірлік саясаттанушылар Түркістан облыстық мәслихатына үміткерлердің бағдарламаларында ортақ басымдықтар көп екенін атап өтуде. Сарапшылардың пайымдауынша, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау және атқарушы билік органдарының есептілігін арттыру барлық партия өкілдерінің алдында тұрған басты міндет. Осы тұрғыда «Әділет» партиясынан ұсынылған Әділет Әбухайыровтың бастамалары өңірдегі бәсекелестік ортада сайлаушылардың таңдауына ұсынылып отырғанын айта кеткеніміз жөн болар.

