Түркістан қаласында «Қазақ романсиадасы» жас орындаушыларының байқауы өз мәресіне жетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін өнер додасы биыл 28-рет ұйымдастырылды. Екі күнге созылған байқаудың мақсаты – классикалық музыка өнерін дәріптеу және Орталық Азия елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.
Түркістан облыстық әкімдігінің қолдауымен «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газеті мен Түркістан облысының «Славян этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елінен 60 үміткер қатысып, байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынады. Қазақ және орыс тілінде романс орындаған үміткерлердің өнерін Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның көрнекті өнер қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Байқаудың Бас жүлдесін алматылық Аружан Тоқтаған иеленді.
«Фараб» кітапханасының концерттік залында гала-концерт ұйымдастырылды. Байқау жеңімпазы желтоқсан айында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына қатысады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_______
В ТУРКЕСТАНЕ НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ XXVIII МЕЖДУНАРОДНОГО КОНКУРСА «КАЗАХСКАЯ РОМАНСИАДА»
В Туркестане завершился конкурс молодых исполнителей «Казахская романсиада». Традиционный творческий конкурс, который проводится ежегодно, в этом году был организован в 28-й раз. Цель двухдневного конкурса — популяризация искусства классической музыки и укрепление культурных связей между странами Центральной Азии.
В торжественной церемонии награждения принял участие заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев, который поздравил победителей.
В творческом конкурсе, организованном общественно-политической газетой «Южный Казахстан» и областным общественным объединением «Славянское этнокультурное объединение» при поддержке акимата Туркестанской области приняли участие 60 представителей из Казахстана, России, Узбекистана и Кыргызстана, которые соревновались в два этапа в соответствии с правилами конкурса. Выступления претендентов, исполнявших романсы на казахском и русском языках, оценивало международное жюри, состоящее из выдающихся деятелей искусства Казахстана, Узбекистана и Кыргызстана. Решением жюри были определены лучши, победители награждены.
Гран-при конкурса завоевала алматинка Аружан Токтаган.
В концертном зале библиотеки «Фараб» был организован гала-концерт. Победительница конкурса примет участие в финальном конкурсе международных исполнителей романса, который пройдет в декабре в столице Российской Федерации — городе Москве.
Пресс-служба акима Туркестанской области

