Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Діни сенім бостандығына кепілдік берілген бірақ жүгенсіздік пен тәртіпсіздікке жол беруге болмайды» деген ұстанымы негізінде еліміздің зайырлылық қағидаттары мен заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуде және қоғамдағы мәселелерге байланысты экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жұмыстары мақсатты жұмыс жасап келеді.
Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қарқынды дамыған заманда әлеуметтік желілер мен ғаламтор кеңістігі күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда, виртуалды әлемде пайдалы мәліметтермен қатар, шынайылығы тексерілмеген, бұрмаланған және деструктивті бағыттағы діни ақпараттар да кеңінен таралуда. Осыған байланысты Қарнақ мешітінің бас имамы Құрбанкулов Дастон Усманұлы әлеуметтік желілерде діни ақпаратты тұтынуда және уағыз тыңдауда сақтық танытудың маңыздылығы жөнінде арнайы ақпараттық-насихаттық үндеу жасады. Себебі, дінтанушылар мен имамдардың айтуынша, ғаламтор кеңістігіндегі күмәнді ағымдардың арбауына түсіп қалмаудың басты кепілі – ақпараттық сауаттылық пен рухани қырағылық. Қазіргі цифрлық заманда әрбір адамның ішкі тепе-теңдігін сана тазалығын және қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік беретін ең маңызды екі үғым, яғни ақпараттық сауаттылық пен рухани қырағылық.
Жасыратыны жоқ, технология дамыған сайын ақпарат ағыны геометриялық прогрессиямен өсуде, бұл адамның тек интеллектуалды емес, сонымен бірге рухани болмысына да әсер етеді. Осыған байланысты Қарнақ мешітінің бас имамы Дастон Усманұлы өз насихатында қазіргі таңда интернет желісінде тарап жатқан түрлі діни материалдарға сыни көзқараспен қараудың өзектілігін түсіндірді. Имам өз сөзінде діни сауалдар мен уағыздарды тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ресми ресурстарынан, бекітілген мешіт имамдары мен білікті теологтардан алуды, әлеуметтік желілердегі авторы белгісіз, тіркелмеген шетелдік уағызшылар мен белгісіз қауымдастықтардың тарататын контентінен бойды аулақ ұстауды және ғаламторда кездескен кез келген діни уағыздың дұрыстығын жергілікті мешіт мамандарынан қайта сұрап, нақтылап алудың аса қажеттілігіне тоқталды.
Бас имам Дастон Усманұлы әсіресе жастардың әлеуметтік желідегі белсенділігін назарда ұстап, ата-аналарды балаларының интернетте тыңдайтын уағыздары мен жазылған пабликтеріне сергек қарауға шақырды. Дұрыс діни білім адамды ізгілікке, отансүйгіштікке және жақындарына қамқор болуға тәрбиелейді. Сонымен Қарнақ мешіті әзірлеген арнайы бейнематериалды тамашалап, әлеуметтік желілердегі рухани және ақпараттық қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырады.

