Мектеп оқушыларының бойында патриотизмді қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды дамыту – білім мен тәрбие беру үдерісінің негізгі темірқазығы болып табылады. Осы орайда 2026-2027 оқу жылының 7 қыркүйек күні С. Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 4 «А» сыныбында «Жауапты азамат – қуат кепілі» тақырыбында мазмұнды сынып сағаты ұйымдастырылды. Тәрбиелік шараны сынып жетекшісі Д.Тәңірбергенова жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізді.
Аталған шараның басты мақсаты – жас өрендердің бойында азаматтық жауапкершілікті, елге деген шексіз сүйіспеншілік пен құрметті, қоғамдағы тәртіп пен адамгершілік қағидаттарын терең орнықтыру болып табылады. Сынып сағаты барысында сарапталған негізгі бағыттар, әрбір оқушының мектептегі және қоғамдағы өзіндік міндеттерін адал орындауы мен елдің өркендеуіне үлес қосудың мәнін ұғындыру және өзара сыйластық, адалдық, жауапкершілік және заңдылық нормаларын сақтау.
Тәрбие сағаты барысында 4 «А» сыныбының оқушылары жауапты азамат болудың маңыздылығы, өз міндетін адал орындау, қоғамға пайдамды іс жасау және Отанға қызмет ету төңірегінде өздерінің танымдық ой-пікірлерімен белсене бөлісті. Балалардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында — жағдаяттық сұрақтар мен рөлдік ойындар арқылы жауапкершілік пен тәртіптің маңызы талқыланды.
«Жауапты азамат қандай болуы керек?» деген сұрақ төңірегінде оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, белсенділік танытты. Сынып жетекшісі Д.Тәңірбергенова оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, адал еңбек пен жауапты мінез-құлықтың ел қуатын арттырудағы орнын қарапайым әрі ұғынықты мисалдармен жеткізді. Мұндай сабақтар жас өрендердің отаншыл, білімді әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

