Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы мен заңнамалық реформалар аясында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қалалар мен ауылдарды абаттандыру, қоғамда экологиялық мәдениет пен «Заң мен Тәртіп» идеологиясын орнықтыру – ең басты стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Еліміздің әрбір қаласы мен ауылы таза, ұқыпты әрі жайлы болуы тиіс. Тазалық – бұл жай ғана сыртқы көрініс емес, бұл – тұрғындардың мәдениетінің, жауапкершілігінің және туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігінің көрінісі. Заңсыз қоқыс тастайтын, абаттандыру ережелерін бұзатын тұлғаларға қатысты заң талаптары қатаң қолданылуы шарт» деп үнемі айтып, тапсырмалар беріп келеді.
Осы орайда, Арыс қаласында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау мақсатында құрылған арнайы жұмысшы топ кезекті ауқымды рейдтік іс-шараларын белсенді түрде өткізуде.
Арыс қаласы әкімдігінің, полиция бөлімінің және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласының өкілдерінен жасақталған жұмысшы топ өңірдегі тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың ретсіз тасталуына, ереже бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында жүйелі бақылау жүргізіп жатыр.
Рейд барысында тек қала аумағымен қатар, ауылдық округтердегі санитарлық тазалық жағдайы да жіті назарға алынуда. Қала мен оған қарасты елді мекендердің кіреберіс жолдары, стратегиялық транзиттік коридорлар қатаң бақылаудан өтуде. Атап айтқанда, Арыс–Шымкент тасжолы бойында сауда жасап отырған бірқатар азаматтардың тұрмыстық және сауда қалдықтарын белгіленбеген орындарға, жол жиектеріне тастағаны анықталды.
Тасжол бойындағы ереже бұзушылықтардың зардабы — өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігіне нұқсан келеді. Сондай-ақ, Шымкент пен Арыс бағытында қатынайтын жолаушылар мен туристер алдында қаланың инвестициялық және эстетикалық беделін төмендетеді және көлбеу тасталған қоқыстар желіге ұшып, жол бойындағы табиғи ландшафты ластайды.
Сонымен қатар, қала орталығында жүргізілген рейд кезінде кейбір кәсіпкерлік нысандардың (дүкендер, тамақтану орындары, құрылыс дүкендері, автокөлік жөндеу орталықтары) іргелес аумақтарында құрылыс материалдары мен түрлі қоқыстардың, тауар орамаларының жинақталып қалғаны анықталды.
Абаттандыру ережелерін бұзудың салдары ретсіз шашылған құрылыс материалдары мен сауда қалдықтары қаланың көркін бұзып, заманауи шаһар келбетіне кері әсерін тигізеді. Әрбір кәсіпкерлік нысан иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз объектісінен 5-10 метрге дейінгі іргелес аумақты таза ұстауға міндетті бола тұра, бұл талаптарды елемейді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер мен автокөліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, жазатайым оқиғалардың орын алу қаупін арттырады. Жұмысшы топ мүшелері анықталған заңбұзушылықтар бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдап, абаттандыру мен санитария ережелерін бұзған бірқатар азаматтар мен кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнамаға (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы – «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу») сәйкес әкімшілік айыппұлдар салды.
Жұмысшы топ тарапынан жасалған ескертулер, айыппұл салынған және ескерту алған тұлғаларға анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою міндеттелді. Заң талаптарын қайта бұзған немесе жүктелген тапсырмаларды орындамаған жағдайда жауапкершілік шараларының күшейтілетіні (айыппұл көлемінің екі есеге артуы) туралы қатаң ескертілді. Қала тазалығы – баршамызға ортақ азаматтық міндет пен мәдениеттің көрсеткіші. Осыған орай, Арыс қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен кәсіпкерлік нысан иелеріне арнайы үндеу тастайды. Қаламыздың тазалығы, сәулеттілігі мен жайлылығы – тек жергілікті атқарушы органдардың немесе тазалық мекемелерінің ғана емес, осы өңірде өмір сүріп жатқан әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Баршаңызды өзіңізге тиесілі үй іргесін, сауда мен қызмет көрсету нысандарының іргелес аумақтарын таза ұстауға, құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыстарды тек белгіленген арнайы контейнерлерге тастауға және абаттандыру талаптарын қатаң орындауға шақырамыз. Тазалық өз табалдырығымыздан басталатынын ескергеніміз жөн»,-дейді.
Арыс қаласында тазалық талаптарының сақталуын, санитарлық нормалардың ашықтығы мен догмалық сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар қала аумағында және ауылдық округтерде тұрақты түрде жалғасатын болады. Тазалықты сақтау мен абаттандыру Ережелерін орындау – Арыс шаһарының гүлденуіне, тұрғындардың денсаулығы мен жайлы тұрмысына қосылған үлкен үлес.

