Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен заңнамалық реформалар аясында мемлекеттік аппараты цифрландыру, еңбек қатынастарын ашық әрі тиімді басқару, қағазбастылықты жою және мемлекеттік мекемелердің жұмысын заманауи стандарттарға сәйкестендіру – ең басты стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Цифрландыру – бұл жай ғана сәнге айналған тенденция емес, бұл – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың, сыбайлас жемқорлықты жоюдың және халыққа сапалы қызмет көрсетудің негізгі құралы. Барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы кадрлық процестер мөлдір, ашық әрі бірыңғай цифрлық платформаға біріктірілуі тиіс» деп үнемі баса айтып келеді.
Осы орайда, Арыс қаласының «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кадрлық құжаттарды цифрландыру және заманауи ақпараттық жүйелерге интеграциялау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Арыс қаласында әлеуметтік саланың тірегіне айналған бұл мекеме тек халыққа тікелей әлеуметтік-психологиялық, құқықтық көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге ішкі әкімшілік және кадрлық процестерді де заман талабына сай сапалы жаңғыртып келеді. Арыс қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің заңгерлері мен кадр мамандары Бірыңғай кадр жүйесіне (БКЖ) мекеме қызметкерлерінің жеке істері мен кадрлық мәліметтерін қолданыстағы заңнамалық талаптарға сәйкес енгізу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Бірыңғай кадр жүйесі (БКЖ) – бұл мемлекеттік және коммуналдық мекемелердегі кадрлық құрамды, еңбек келісімшарттарын, бұйрықтарды, біліктілікті арттыру курстарын және қызметкерлердің еңбек өтілін орталықтандырылған түрде есепке алатын цифрлық платформа.
Орталық заңгерлері жүргізіп жатқан басты процестер, әрбір қызметкердің жеке ісіндегі дипломдар, еңбек кітапшалары, жеке басын куәландыратын құжаттар, бұйрықтар деректердің толықтығын тексеру, кадрлық мәліметтерді санға айналдырып, электронды форматта платформаға жүктеу және еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен (ЕШЕБЖ/ЕУОТ) деректерді салыстырып, сәйкестендіру. БКЖ-ға мәліметтерді енгізу – бұл жай ғана ақпарат толтыру немесе формальды түрде цифрларды жүктеп шығу емес. Бұл – әрбір құжаттың заң талаптарына сәйкестігін тексеруді, деректердің дұрыстығын нақтылауды және кадрлық құжаттаманы біріздендіруді талап ететін өте жауапты әрі мұқият еңбек. Орталық заңгерлері бұл жұмыста келесідей заңдылық талаптарын берік ұстанады. Мәселен, енгізілген кез келген құжаттың (диплом мәліметтері, еңбек стажы, бұйрық нөмірлері) түпнұсқаға толық сәйкес болуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес қызметкерлердің жеке мәліметтерінің құпиялылығын сақтау және еңбек кодексінің талаптарына сай барлық кадрлық ауыс-түйістер мен бұйрықтардың заңдылығын қайта сараптау.
Осындай жүйелі еңбектің нәтижесінде «Отбасын қолдау орталығы» КММ-дегі кадрлық процестердің ашықтығы мен тиімділігі артып, цифрлық мемлекеттік басқару талаптары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Кадрлық құжаттарды цифрландырудың негізгі артықшылықтары — кадрлық шешімдердің (жұмысқа қабылдау, ауыстыру, көтермелеу, демалыс беру) ашықтығы қамтамасыз етіледі. Қағаз түріндегі папкалар мен мұрағаттарға тәуелділік төмендеп, кез келген құжатты іздеу уақыты үнемделеді. Қызметкерлердің еңбек өтілі, біліктілік дәрежесі бойынша мәліметтерді сұраныс түскен сәтте цифрлық форматта алу мүмкіндігі орнығады және адам факторынан туындайтын технилалық немесе заңнамалық қателіктер автоматты түрде шектеледі.
Арыс қаласының Отбасын қолдау орталығы – сапалы қызмет пен заманауи цифрлық жүйелерді тиімді үйлестіре отырып, халық игілігі жолындағы жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. Ішкі әкімшілік-кадрлық жұмыстардың жүйеленуі мекеме ұжымының негізгі миссиясына – халыққа, қиын жағдайға тап болған отбасыларға, аналар мен балаларға сапалы әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау көрсетуіне оң ықпал етеді. Себебі ішкі тәртібі мен құжаттамасы цифрлық деңгейде таза, реттелген мекеме сыртқы қызмет көрсетуде де жоғары кәсібилік пен ашықтық танытады.
Арыс қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ-де жүргізіліп жатқан бұл цифрландыру жұмыстары – бұл тек техникалық процесс емес, бұл – заманауи мемлекеттік басқару стандарттарына сай жасалған сапалы қадам. Заңгерлер мен кадр мамандарының жүйелі еңбегі арқасында орталықтың кадрлық базасы толықтай Бірыңғай кадр жүйесіне интеграцияланып, Арыс қаласындағы цифрлық реформалардың табысты жүзеге асуына өз үлесін қоса бермек.

