Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен заңнамалық реформалар аясында қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын орнықтыру, азаматтардың мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрлық алаяқтық пен киберқылмысқа қарсы кешенді тосқауыл қою – мемлекеттік саясаттың ең басты стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың түрі жиіледі. Халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдарының профилактикалық жұмыстарын халық көп шоғырланатын орындарда жүйелі жүргізуі – азаматтарымызды алаяқтардың арбауынан қорғаудың ең тиімді жолы» деп үнемі баса айтып келеді.
Осы орайда, Түркістан облысының Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудан орталығы Шолаққорғандағы базарларда, сауда үйлерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, автобекеттерде және саябақтарда ұйымдастырылған бұл профилактикалық іс-шара – халықпен тікелей байланыс орнатып, азаматтардың киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың оңтайлы алаңына айналды.
Іс-шара барысында Созақ аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлері тұрғындарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлерін, олардың алдын алу жолдарын және цифрлық кеңістіктегі сақтық шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сонымен қатар, азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша арнайы дайындалған көрнекі үнпарақтар мен буклеттер таратылып, интернет кеңістігінде жеке мәліметтерді қорғаудың маңыздылығы айтылды.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға белгісіз тұлғалардың нұсқауымен ұялы телефонға немесе компьютерге қашықтан басқару қосымшаларын (AnyDesk, TeamViewer және т.б.) орнатпауды, әлеуметтік желілерде тым арзан бағамен тауар немесе қызмет ұсынатын күмәнді хабарландыруларға алдын ала төлем жасамай, сақ болуды, егер жақын туысыңыз немесе танысыңыз мессенджер арқылы шұғыл ақша сұраса, алдымен оның өзіне тікелей қоңырау шалып, мән-жайды анықтауды және банк қосымшалары мен әлеуметтік желідегі жеке кабинеттерге күрделі парольдер қою және екіфакторлы аутентификацияны қосу керектігі жөнінде мәлімет тарқатты.
Созақ ауданы полиция бөлімі азаматтарды күнделікті өмірде барынша сақ болуға, кез келген күмәнді әрекеттерге тап болған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.
Ауданның қоғамдық орындарында жүргізілген бұл түсіндіру жұмыстары азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға елеулі үлес қосты. Тұрғындар, әсіресе алаяқтардың арбауына жиі түсетін аға буын өкілдері мен жастар, полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Жасыратыны жоқ, полиция қызметкерлерінің халық арасында мұндай ашық профилактикалық акцияларды жиі өткізуі — аудан аумағында орын алуы мүмкін киберқылмыстардың алдын алады, азаматтардың мүлкі мен қаржылай амандығын сақтайды, полиция мен халық арасындағы тығыз байланысты нығайтады.
Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан қоғамдық орындарда ұйымдастырылған интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары – өңірдегі тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен мүлкін қорғауға бағытталған маңызды қадам.
Аудан сақшыларының бұл бағыттағы профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да ауданның барлық елді мекендерінде жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.

