Түркістан облысының Созақ ауданында аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен терроризмге қарсы, құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті ауқымды отырысы өтті.
Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, төтенше жағдайлар бөлімі, құзырлы мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округтер мен кент әкімдері толық құрамда қатысып, аудан аумағындағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті және мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды баяндамалар тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз алған Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы – Ерлан Райымқұлов, Жуантөбе ауылдық округінің әкімі – Дәуіржан Абраев және Мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы – Ұлжан Шекеева өз салалары бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстарды, діни ахуалдың тұрақтылығын, терроризмге қарсы тосқауыл қою шараларын және жергілікті жерлердегі құқықтық тәртіптің жай-күйін саралап көрсетті. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бағыты бойынша Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерман Нұрәділ баяндама жасады. Ол өз сөзінде: «Ауылдық округтер мен елді мекендерде бұзақылық, бұра тартып алаяқтық жасау және мүліктік қылмыстардың алдын алу шаралары мен соңғы уақытта жиілеп кеткен цифрлық алаяқтық, банк карталары мен фишингтік сілтемелер арқылы тұрғындарды алдау деректерінің алдын алу бойынша жүргізілген түсіндіру акциялардың және халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру, жастар арасында профилактикалық рейдтердің жүргізіліп жатқанын баяндады.
Сондай-ақ, бүгінгі бас қосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік мекемелерде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету мәселелері де өте терең талқыланды. Отырыста сараланған негізгі басымдықтар тақырыбы мемлекеттік сатып алу, жер телімдерін бөлу, субсидиялау және құрылыс салаларындағы ішкі талдау жұмыстарын күшейту мен мемлекеттік қызметшілер арасында заңнамалық шектеулерді сақтау, парақорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және азаматтардың өтініштеріне, арыз-шағымдарына уақытылы, бюрократиясыз, сапалы жауап беру тетіктерін жетілдіру бойынша өрбіді.
Жиын барысында аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков күн тәртібіндегі әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын жіті назарға алды. Аймақ басшысы сөз кезегінде: «Біз жұмысымызда тек құрғақ көрсеткіштер мен цифрларға ғана сүйенбей, халық сезінетін нақты нәтижеге басымдық беруіміз керек. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп, мемлекеттік қызметте заңдылық пен ашықтық қағидаттары қатаң сақталуы тиіс. Азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарына уақытылы әрі сапалы жауап беру – біздің тікелей міндетіміз. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әсіресе интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырамын»,- деді.
Аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков жауапты сала жетекшілеріне, дербес бөлім басшыларына, ауылдық округтер мен кент әкімдеріне, полиция бөліміне профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша нақты мерзімдер белгілеп, тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысы – өңірдегі заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және сыбайлас жемқорлықпен күресті сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды да нәтижелі қадам екені айқын.

