Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді, туған елге, жерге және мемлекеттік символдарға деген құрметті қалыптастыру – басты стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады.
Егемендігіміздің айшықты символы, бейбітшілік пен келісімнің жаһандық орталығына айналған елордамыз – Астана қаласы халықтың бірлігі мен мемлекеттігіміздің мызғымас діңгегін бейнелейді. Мемлекет басшысы өзінің сөздерінде: «Астана – заманауи Қазақстанның жүрегі, тәуелсіздігіміздің жеңісті шежіресі. Елордамызды сүю, оның тарихын білу – әрбір қазақстандықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың парасатты борышы» деп үнемі баса айтып келеді.
Осы орайда, ел өміріндегі айтулы мереке – Астана күніне орай Орталық балалар кітапханасы филиалында мектеп оқушылары мен жас оқырмандардың қатысуымен «Әсем қала – Астана» атты танымдық бейне-круиз, яғни видео-саяхат ұйымдастырылды. Жастардың танымдық өресін кеңейтіп, олардың бойында елдік рухты асқақтатқан бұл рухани-мәдени шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, кітапхана оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді.
Орталық балалар кітапханасы филиалы тарапынан өткізілген бұл мерекелік шараның негізгі мақсаты – жас оқырмандарға еліміздің бас шаһары, мемлекетіміздің жүрегі – Астананың тарихы, оның сәулетті де заманауи келбеті, әлемге танымал көрікті орындары мен мәдени-рухани құндылықтары туралы кеңінен таныстыру болып табылады. Мұнымен қатар, балалардың бойында туған елге, елордаға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді берік қалыптастыру – шараның негізгі идеялық діңгегіне айналды.
Шараның тәрбиелік маңызы жайында айтсақ, тарихи танымды арттыру аясында Сарыарқа төрінде бой көтерген бас қаламыздың іргетасынан бастап, бүгінгі жаһандық мегаполиске айналу тарихы сараланды. Ал, сәулеттік эстетика бағытында Астананың қайталанбас сәулет өнерімен, белгілі сәулетшілердің — Норман Фостер, Кисе Курокава т.б.туындыларымен таныстырылды. Патриотизм мен мақтаныш бағытындағы мемлекеттік жетістіктерді оқушыларға түсіндіру арқылы олардың бойында Отанға деген мақтаныш сезімін ояту, бүгінгі күннің басты тақырыбы болды.
Іс-шара барысында жас оқырмандар еліміздің жүрегі – Астананың тарихы, оның сәулетті ғимараттары мен көрікті келбеті туралы қызықты да тың ақпараттармен танысты. Кітапхана қызметкерлері балаларға елорданың Есіл өзенінің жағасында орналасу ерекшеліктері, оның саяси және мәдени орталық ретіндегі рөлі туралы баяндап берді.
Сондай-ақ, жас оқырмандарға арнайы дайындалған интерактивті танымдық бейнеролик көрсетілді. Бейне-круиз арқылы балалар Астананың басты нышандарына виртуалды түрде саяхат жасады. Атап айтқанда, «Бәйтерек» монументі – тәуелсіздігіміз бен жаңғырудың, өмір ағашының символы ретінде, «Бейбітшілік және келісім сарайы» (Пирамида) – әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайы өтетін достық мекені, «Хан Шатыр» сауда-көңіл көтеру кешені – заманауи инженерлік шешімдердің бігей үлгісі, ал «Нұр Әлем» павильоны – болашақ энергиясы мен инновацияның орталығы.
Бейнероликті тамашалағаннан кейін оқушылар арасында еркін пікірталас пен ойбөліс ұйымдастырылды. Балалар елордамыздың жетістіктері туралы өздерінің мөлдір де пәк ойларымен бөлісіп, Астанаға барғандағы әсерлерін айтты және туған жерге, бас қаламызға деген шексіз мақтаныш сезімдерін білдірді.
Елордамыз – тәуелсіздігіміздің ең басты символы, еліміздің, бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы. Астана – тек мемлекеттік органдар орналасқан әкімшілік орталық қана емес, ол – ел жастарының білім алуына, ғылыммен, өнермен және спортпен шұғылдануына кең мүмкіндіктер ашатын арман қала.
Орталық балалар кітапханасы филиалында өткен бұл сияқты тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың отансүйгіштік рухы нығая түседі. Кітап пен заманауи мультимедиялық технологияларды тоғыстырған мұндай форматтар балалардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани-эстетикалық өресін кеңейтуге зор ықпал етеді.
Астана күніне орай өткізілген «Әсем қала – Астана» атты бейне-круиз – оқырмандар үшін нағыз мерекелік, танымдық әрі патриоттық кеш болды. Оқырмандар Астананың тарихы мен сәулетін танып қана қоймай, өздерін еліміздің жарқын болашағының ажырамас бөлігі ретінде сезінді.
Барша қазақ еліне, Астана күні құтты болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш, елордамыз гүлденіп, көркейе беріп, жас ұрпағымыздың білімі терең, патриоттық рухы қашан да биік болғай деген ізгі тілегімізді арнаймыз.

