Тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету – бұл ең алдымен елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының, әрбір шаңырақтың тұрмыстық жайлылығының берік іргетасы. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту, өңірлердегі электр желілерінің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру – басты стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылатыны айқын.
Осындай басымдыққа ие әрі Шардара ауданының тұрғындарын сапалы әрі тұрақты қуат көзімен қамту бағытында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі тарапынан Шардара электр желісі мекемесі тарапынан ауқымды жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылды.
Электр желілерінің тұрақты, тоқтаусыз әрі кауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы алдын алу жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Жаңғырту аясында жүзеге асырылған негізгі техникалық шаралар, тозығы жеткен, ток жүктемесіне төтеп беруі қиындаған электр кабельдері заманауи, жоғары өткізгіштік кабілеті бар жаңа кабельдермен ауыстырылды. Мұнан бөлек, трансформаторлық қосалқы станциялардың ішкі жүйелері тексеріліп, техникалық диагностикадан өткізілді. Құрылғылардың қызып кетуін алдын алу және олардың пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында арнайы трансформатор майлары толықтырылып, техникалық талаптарға сәйкестендірілді.
Осы маңызды техникалық процестерді қауіпсіз жүргізу мақсатында белгіленген аймақтарда электр қуаты уақытша тоқтатылған болатын. Айта кетерлігі, аймақ тұрғындары жөндеу жұмыстары үшін сөндірілген «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі саласы қызметкерлерінің жұмысына түсіністік танытқаны үшін айтар алғыстары шексіз.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның білікті мамандары мен арнайы бригадаларының жедел әрі жауапты жұмысының арқасында жоспарланған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, белгіленген мерзімде толық аяқталды. Қазіргі таңда, электр желісінің жұмысы толықтай қайта қалпына келтірілді. Шардара ауданының тұрғындары мен әлеуметтік нысандарына электр энергиясы қалыпты, тұрақты режимде берілуде. Желідегі кернеу деңгейі ретке келтіріліп, авариялық өшу тәуекелдері барынша азайтылды. Электр желілеріндегі кенеттен болатын ақаулардың алдын алу, желілердің сенімділігін арттыру және тұтынушыларға жоғары деңгейдегі сапалы қызмет көрсету мақсатында атқарылып жатқан мұндай жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады. Жөндеу жұмыстары кезінде туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС әкімшілігі аудан тұрғындарынан кешірім сұрайды және көрсетілген сабырлылық пен түсіністік үшін шынайы ризашылығын білдіреді.
Шардара электр желісі мекемесі тарапынан жүргізілген бұл жаңғырту жұмыстары – өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Осы ретте, тұрақты жарық пен сапалы энергия – Шардара өңірінің дамуы мен тұрғындардың жайлы тұрмысының сенімді кепілі болып қала беретініне сенім мол.

