Құрметті Шардара жастары!
Сіздерді алда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырамын.
Жастар – елдің қозғаушы күші, мемлекетіміздің жарқын болашағы. Сондықтан қоғамдағы маңызды бастамаларға бейжай қарамай, азаматтық белсенділік таныту – әрбір жастың жауапкершілігі.
Құрылтай сайлауына қатысу арқылы сіздер ортақ іске өз үлестеріңізді қосып, елдің дамуына деген жанашырлықтарыңызды көрсетесіздер.
Келешегіміздің кемел болуы – бүгінгі саналы таңдауымызға байланысты. Ендеше, баршаңызды Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырамын!
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Құрметпен Шардара аудандық Жастар орталығының басшысының орынбасары Қасымов Мақсат Талғатұлы

