Қала тұрғындарына жайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері Арыс қаласы аумағында тазалық талаптарының сақталуына қатысты кезекті рейдтік іс-шараларды өткізуде.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған рейд бұл жолы қалаға кіреберіс автожол бойынан басталды. Іс-шара барысында кәсіпкерлік нысан иелері мен жеке сектор тұрғындарына тұрмыстық қалдықтарды белгіленген кестеге сәйкес шығару, сондай-ақ көшелерге құрылыс материалдары мен құрылыс қалдықтарын (құм, тас, топырақ және басқа да заттарды) орналастыруға болмайтыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді.
Жұмысшы топ өкілдері талаптардың алдағы уақытта орындалуы міндетті екенін атап өтті. Егер анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаса немесе заңбұзушылық қайта тіркелсе, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатыны ескертілді.
Сонымен қатар, рейд барысында бұған дейін берілген ескертулерді орындамаған бірқатар азаматтар мен мекеме өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті айыппұлдар салынды.
Құрметті арыстықтар! Таза қала – ортақ жауапкершілік. Өз ауламызды, көшемізді және қоғамдық орындарды таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайық.
Тазалыққа бағытталған рейдтік іс-шаралар жыл бойы тұрақты түрде жалғасатын болады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, Арыста адуынды жұмыстар алғс басуда

